Байкенже бастауыш партия ұйымы есеп берді
Бүгін, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Байкенже» бастауыш партия ұйымында «ZOOM» бейнебайланыс жүйесі арқылы есеп беру-сайлау жиналысы өтіп, онда бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы айтылды.Бастауыш партия ұйымдарының мақсаты өте жоғары. Себебі бастауыш партия ұйымдары тікелей халықпен бірге жұмыс жасайды. Партиялық жобаларын халыққа жеткізуші болып табылады.
Жиын барысында «Байкенже» бастауыш партия ұйымының жұмысы бойынша бастауыш партия ұйымы төрағасы Н.Оспанов есеп берді. Ол өз сөзінде қазіргі таңда «Байкенже» бастауыш партия ұйымында– 48 партия мүшесін құрайды. Партиялық жобаларды жүзеге асыру бойынша «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» «Рухани Жаңғыру» жобалары аясында іс-шаралар өткізіліп келеді. Партия мүшелері белсенділігі үшін «Nur Otan» партиясы Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және облыстық, аудандық филиалдарының Алғыс хаттарымен марапатталғандығын, сонымен қатар «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі бекіткен, партияішілік іріктеуді өткізу ережесі жарияланды.
Жиында соңында бастауыш партия ұйымының алдағы міндеттері кеңінен талқыланып, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезекті ХХVІ – шы есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.