№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысы халқының МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі

Қызылорда облысы халқының МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі

Армысыздар, құрметті БАҚ өкілдері!
Бір жылдан астам уақыт бұрын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізу басталды.Коронавирустық пандемияға байланысты форс-мажорлық жағдайларға қарамастан, медициналық сақтандырудың іске асырудың бірінші жылының қорытындылары МӘМС жүйесінің жұмыс істегенін, осы төтенше кезеңде денсаулық сақтау саласы үшін қаржылық «қауіпсіздік жастығын» құрғанын және ең бастысы, медициналық көмек көлемін ұлғайту үшін жағдай жасағанын көрсетті.
Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып, Қор биылғы жылы белгіленген жоспарлар мен жаңа бастамаларды іске асыруға ниетті. Басты мәселелердің бірі – МӘМС жүйесінде азаматтардың сақтандырылу мәртебесін өзектендіру.
Қызылорда облысы бойынша 650 мыңнан астам адам МӘМС жүйесінің қатысушылары болып табылады.
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша өңірде медициналық сақтандыру жүйесінен тыс 134 571 адам бар. Оның ішінде 3 738 адам - жеке кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар, 2 087 адам – келісімшарттар бойынша (ЖКК) табыс алатын жеке тұлғалар, 36 323 – жалдамалы жұмысшылар, 868-өзін – өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, 64 521 - бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушілері, 1 913-басқа санаттағы тұлғалар және 25 121-мәртебесі анықталмаған адамдар.
Қызылорда облысының әкімі барлық тиісті басқармаларға азаматтардың мәртебесін өзектендіруді күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Өңірлік штабтың тұрақты отырыстарының арқасында оң динамика байқалады. Бұл мәселе облыс әкімінің тиісті сала бойынша орынбасарының тұрақты бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Медициналық мекемелерге жүгінген кезде пациенттер МӘМС жүйесінде қызметтерге қол жеткізе алмайтыны анықталған жағдайлар а.ж. шілде-тамыз айларында жиі кездескен-ді. Бұл мәселе жарналарды мемлекет төлейтін 15 жеңілдік санатына жататын кейбір азаматтарға да қатысты болғанын атап қту қажет. Сақтандыру мәртебесінің болмауының негізгі себебі 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы алу үшін жеңілдікті санаттар өкілдерінің БЖТ төлеуі болды және олар жеңілдікті алушылар қатарынан түсіп қалды. Сондай-ақ МӘМС жүйесінен жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, төтенше жағдайлар кезеңінде төлемдерінде үзілістер болған жеке практикамен айналысатын адамдар тыс қалды.
Бұл санаттағы азаматтар МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін, Қазақстан Республикасының 16.11.2015 жылғы №405 санды "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңының 5-бабының 3-бөліміне сәйкес соңғы 12 айға жарналар төлеуге міндетті.
Мысалы, егер ағымдағы жылдың наурыз айында азамат МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымға жүгінсе, онда 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурызына дейін МӘМС-ға жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеуге тиіс. (1 ЕТЖ 5% – 2125 тг ай сайын)
Осы санаттағы азаматтардың тағы басқа төленім, яғни бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне ие болу мүмкіндігі бар.
Атап айтқанда, Заңның 5-бабының 3-1-бөлімінің талабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер медициналық көмек алған күннің алдында кемінде үш ай қатарынан жарналар төлеген жағдайда, сақтандыру мәртебесіне ие бола алады. БЖТ-нің көлемі – қалалық өңірлердің тұрғындары үшін- 1 АЕК (2917 теңге), ал аудандық өңірлер үшін – 0,5 АЕК (1458,5 теңге) құрайды.
Мысалы, егер азамат 2020 жылдың ешқандай айларына төленім жүргізбесе, бірақ БЖТ-ді үш айға (2021 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз) төлесе, ол 2021 жылғы наурыз айының соңына дейін сақтандыру мәртебесіне ие болып, МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. Келесі айларда МӘМС жарналарын дербес төлеуші немесе БЖТ төлеуші ретінде ай сайын төлеу қажет.
Естеріңізге сала кетейін, жалдамалы жұмыскерлер үшін төлемді жұмыс берушінің бухгалтерия бөлімі жарналарды есептеу объектісінің 2% – ы және еңбекақы төлеу қорының 2% - ы мөлшерінде жүргізеді. Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар - 1,4 ең төменгі жалақының 5% -ы (ең төменгі жалақы 2021 ж. 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері өзгеріссіз қалады - 2 975 теңге). АҚС шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар – табыстан 2%, бұл ретте ең жоғары мүмкін төлем 8500 теңге яғни 10 ең төменгі жалақыдан 2%, 425000 x 2% = 8500).Азаматтардың 15 жеңілдікті санатыүшін жарналарды мемлекет төлейді.
Азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін жарналарды мемлекет төлейді. Қызылорда облысы бойынша бүгінде 470 мыңнан астам тұрғын (өңір халқының жалпы санының 57%) 15 жеңілдікті санаттағы азаматтар қатарынан.
Анықтама: жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 ақпанына дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 15,2 млрд. теңге аударды, оның 12,1 млрд. теңгесі (79,6%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 3,1 млрд. теңге (20,3%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандар көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
Сонымен қатар, азаматтардың жеңілдікті санаттары «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы уақытша (бір айға) сақтандыру мәртебесін ала алады.
Мысалы, жұмыс істемейтін жүкті әйелдің есепке қою кезінде МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ. Ол мобильді қосымшада «Жеңілдік санатына уақытша мәртебе беру» батырмасына өтіп, мәртебесін, аймағын, ЖСН-ді көрсетіп, жеңілдік санатын растайтын құжаттың тіркеу керек. Содан кейін біздің сарапшылар жүктілікті растайтын анықтамалардың негізінде бір айға уақытша мәртебе береді. Осыдан кейін жүкті әйел есепке алынады және одан әрі оның мәртебесі өзгермейді, ол сақтандырылған.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері аймақтың 650-ге жуық тұрғыны уақытша сақтандыру мәртебесін алды.
Сондай-ақ, «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасын қолдана отырып, сіз медициналық көмек туралы кеңес ала аласыз, дәрігерлерге немесе медициналық ұйымдарға алғыс және шағым білдіре аласыз, МӘМС және ТМККК шеңберінде жұмыс істеуге қатысты ұсыныстармен бөлесе аласыз.
«Qoldau-24/7» - де сіз өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді тексере аласыз, медициналық сақтандырудағы төлемдерінің мөлшерін біле аласыз, медициналық қызметтердің сапасын бағалай аласыз, коронавирус, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы өзекті сұрақтарға жауап таба аласыз. ТМККК, МӘМС пакеттері және т. б. туралы өзекті сұрақтарға жауап таба аласыз.
Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, «Qoldau - 24\7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша жүгіну қажет.

Назарларыңызға рахмет!
30 наурыз 2021 ж. 300 0