№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС жүйесінің мәселелері

МӘМС жүйесінің мәселелері

Қызылорда облысы тұрғындарыныңғ 79,5% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (бұдан әрі-МӘМС) қатысушылары болып табылады, 147 мыңнан астам адам сақтандырылмаған, 4,5 мыңнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өзектендірілмеген. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.


Филиал директорының айту­ынша, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру қорына(бұдан әрі – ӘМСҚ) 11,6 млрд. теңге аударды, оның 9,9 млрд. теңгесі (85,3%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 1,7 млрд. теңге (14,7%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі
Бақыт Исмаханбетов түсін­діргендей, МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры­ның өзіне емес, Ұлттық банктегі арнайы шотқа түседі. Ол жерден қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қыз­мет­терге ақы төлеуге меди­циналық ұйымдар – Қордың жеткізушілеріне жіберіледі.
2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры­ның филиалымен 55 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім - шарт жасалды, оның ішінде 28 (50,9%) – мемлекеттік, 27 (49,1%) – жеке меншік.
«2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін 4,2 млрд теңгеден астам қара­жат төленді. Төлем халыққа көрсетілген медициналық қызмет­тердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Клиникалық хаттамаларды және емдеуге қажетті талаптарды сақтай отырып, факті бойынша көрсетілген және құжатпен расталған қызметтер ғана төленеді» – деп атап өтті Қор филиалының директоры.
Бақыт Исмаханбетовтың айту­ынша, жарты жылдықтағы шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі – 927,9 млн теңге. 6 ай ішінде жоспарлы түрде еліміздің стационарларында 7,2 мыңнан астам адам емделді.
Көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмек үшін шамамен 1,5 млрд теңге төленді.Атап айтқанда, диагностикалық қызметтер арасында КТ және МРТ қызметтері азаматтар үшін өзекті.Жарты жыл ішінде пациенттерге КТ және МРТ 7,9 мың қызмет көрсетілді: 34,7 млн. теңге сомасына 3,5 мың компьютерлік томография қызметі, 70,7 млн. теңге сомасына 4,3 мың МРТ қызметі.
Сонымен қатар, қаңтар мен маусым аралығында 102,1 мың-нан астам стоматология, 39,2 мыңға жуық рентген және 24,8 мыңнан астам УДЗ-диагностика қызметтері көрсетілді, олардың жалпы құны 494,8 млн теңгеден асады. Олардың барлығы МӘМС пакетінде медициналық сақтандыру қаражаты есебінен көрсетілді, пациенттерге меди­циналық көмек үшін Қор ақы төледі.
Сонымен қатар, құны 478 млн теңгені құрайтын 2 611 қызылордалық медициналық оңалтудан өтті. Жарты жылда тағы 38 мыңнан астам азамат 147 млн теңге сомасына жоғары технологиялық медициналық қызмет алды.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықта барлық қазақстандықтар МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған және медициналық қызметтерді кепілді көмек аясында, сондай-ақ МӘМС аясында пайдалана алатын.
«Екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде меди­циналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. 1 тамыздан бастап еліміздің клиникаларында жос­парлы медициналық көмек қайта басталды, сондықтан екінші жартыжылдықта МӘМС жүйесінде көрсетілген меди­циналық қызметтер бойынша көрсеткіштердің өсуі күтілуде», – деп хабарлады ӘМСҚ филиалының директоры.
Сонымен қатар, спикердің айтуынша, Үкімет ТЖ жағдайында медициналық сақтандыру жар­налары бойынша берешектері қалыптасқан халықтың кейбір санаттарына МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру бойынша әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорының бастамаларына қолдау көрсетті.
Талдау көрсеткендей, «сақтандырылған» мәртебесінің болмауының негізгі себебі 42,5 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін жеңілдікті санаттағы өкілдермен БЖТ төленуі болды. Осыған байланысты ақпараттық жүйелер оларды автоматты түрде БЖТ төлеушілер санатына ауыстырды. Тиісінше, олар «Saqtandyry» базасында жеңілдетілген санат­тардан «шығарылды». Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде төлемдерінде үзілістер туындаған жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесінен тыс қалды.
Осыған байланысты, Үкімет келесі шараларды қолдады:
– жалдамалы қызметкерлер соңғы 3 айда кемінде 1 төлем болған кезде және егер төлемдер бойынша берешек жыл басынан бері 2 айдан аспаса, МӘМС жүйесінде қалпына келтіріледі;
– жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ соңғы 3 айда төлем болған жағдайда, жыл басынан бастап 2 айдан аспайтын берешегі барлар (мемлекеттік кірістер комитетінің ресми ақпаратына сәйкес, олар қызметін тоқтатқан жағдайда) сақтандырылған адамдардың мәртебесін алады;
– ТЖ кезеңінде жеңілдік санатымен БЖТ төлегендердің төлемі есепке алынбайды және сақтандыру мәртебесі автоматты түрде қайтарылады;
– COVID-19-ға қарсы күрес шеңберіндегі шектеу іс-шара­ларына байланысты қызметкерлердің мәжбүрлі дема­лыстарда күтімсіз болған кезеңдері берешек ретінде есепке алынбайды. Бұл ретте табысты жоғалтудың дәлелі табыстың жоғалуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем алу болып табылады (42500 теңге).
Осылайша, коронавирустық пандемияға байланысты табы­сынан айырылған немесе бенефициарлардың арасынан шыққан азаматтар медициналық сақтандыру жүйесіне қайта­рылады және медициналық көмектің барлық көлемін ала алады.
Мәртебені алу үшін аза­маттарға қандай-да бір жерге барудың қажеті жоқ. Барлық деректер ақпараттық жүйелерде автоматты түрде жаңартылады.

Айгүл АХАНОВА
20 қыркүйек 2020 ж. 675 0