№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шалқияның шалқитын кезі таяу

Шалқияның шалқитын кезі таяу


Жасыл энергияның жүйелі жұмы­сымен танысқан тілшілер «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ға қарай жол жүрді. Жылдық қуаты 4,0 млн тонна кен байыту фабрикасын салу жобасы бойынша ағым­дағы жылдың мамыр айынан бас­тап кеніштің құрылыс жұмыстары басталады. Құрылыс жұмыстарына 500 адам тартылады. Олардың басым көпшілігі аудан тұрғындарынан құралады деп жоспарлануда.
Соңғы 4 жылдан бері аталған кен орнында инвесторлармен бірге жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, кеніште қорғасын мен мырыштың 30 жылға жететін қоры бар. Кен 800 метр тереңдіктен қазылады. Шикізатты қазып қана қоймай, оны өндіріске жарату мақсатында кен байыту комбинаты бой көтереді.
Қуантарлығы «Шалқия» кенішінде тау-кен байыту комбинатының құры­лыс жұмыстары басталды. Айта кетейік, ауқымғы жоба республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген. 2016-2019 жылдары 39,7 млрд теңге игерілді. Биыл тағы 8 млрд теңге қаражат игерілмек. Қазір кен орнында 625 адам жұмыс жасауда. Фабрика іске қосылғанда мұнда 1,5 мың адам еңбек етеді. Жылына 4 млн тонна қорғасын мен мырыш өндіріледі деп күтілуде.
Нақты кезеңде «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС тау-кен байыту комбинатының жобасын бастады. Комбинатқа әлемдегі жетекші елдердің мырыш-қорғасын өндіретін сандық технологиялары енгізіледі. Өндіріс орны тоқырап қалған кезде өзге өңірлерге көшіп кеткен мамандар қайта елге оралуда. Олар жаңа технологияны меңгеру мақсатында шет мемлекеттерде біліктіліктерін арттыруда.
Тау-кен байыту комбинатының жобасы «Еуропалық қайта құру және даму банкі» арқылы қаржыландырылады. «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішіндегі қуаттылығы жылына 4 млн тонналық кен-байыту комбинаты – «Қызылорда облысында тау-кен металлургия кешенін дамытудың жол картасына» енген 3 ірі жобаның бірі. Жоба 2023 жылы толық іске қосылады. Мамандар аймақ тілшілеріне осыны нақты жеткізді.
Журналистердің соңғы бағыты №110 мектеп-лицейі болды. Білікті ұстаз, математик, ауданның білім саласының ілгерілеуі жолында тер төккен Үкібай Исаевтың атындағы олимпиадамен қорытындыланды. Аудан мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткен олимпиадаға 42 оқушы қатысты.
Қорыта айтқанда, облыстағы ойлы оқырмандарына Жаңақорғандағы жүйелі жұмыстар мен жарқын жобаларды, нақты меже мен экономикалық өсімді, спорт пен мәдениет саласындағы серпілісті көркемдеп жеткізіп жүрген Сыр қаламгерлерінің ауданға арнайы іс-сапары әлі де жалғасады. Ең бастысы, өндірісі дамыған ауданның қашан да көші ілгері, беделі биік.

Әли ТЕМІРБЕК
30 наурыз 2021 ж. 732 0