№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық киім ұлықталды

Ұлттық киім ұлықталды

Рухани құндылығы берік елдің келешегі кемел. Мұны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жаңаша әзірлеу және мазмұнын байыту туралы айтқан сөзінен анық аңғаруға болады. Ел президентінің наурыздың алғашқы күнінде ұлттық нақышта киініп, киелі жеті қазынаның бірі құмай тазы ертіп жүрген келбеті әлеуметтік желіні кезіп, әр қазақтың жүрегіне ой салды. Осыдан кейін елімізде түкпір-түкпірден ұлттық айбынымызды асқақтатуға атсалысушылардың қарасы көбейе түсті.Руханиятқа аса мән беріліп жатқан шақта Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі ұжымы наурыз айының оны күні «Наурыз имиджі» атты өз еңбек орындарында ұлттық киім киіп жұмыс атқару челленджін бастады. Бұл туралы ұжым директоры Зулфия Шалабаева:
– Қазақтың ұлттық киімі сән-салтанат жағынан әлемде мойындалған бренд. Оған қоса адамға ерекше сұлулық пен ұлттық рух сыйлайды. Кез-келген адамға қона кететін киімді дәріптеу мақсатында ерекше бастама көтерген едік, көп мекемелер ұжым болып қолдауда, – деді.
Бұл дәстүрді алғаш қолдаған аудандық өлкетану музейі ұжымы болатын. Өлкетанушылар жұмысты ерекше киім үлгісімен бастап, бір-бірін көрісу мерекесімен құшақ жая құттықтасқан. Сол күні жиындар мен басқосуларға ұлттық киіммен қатысқан музей қызметкері Құралай Дәрмен ерекше көңіл-күйде жүргенін айтты. Осы күні музейге экскурсияға келген №169 мектептің 9-сынып оқушыларын бастап келген ұстаз Сәуле Жанадилова:
–Қазақ киімінің киесі бар. Қос етек көйлек, шашбау, үкілі сәукелені кигенде нағыз қайсар елдің ұрпағы екеніңді сезінесің. Бабалардан тәбәрік болып жеткен жәдігерлерімізді қастерлеп, көпшілікке насихаттап жүрген жерлестердің еңбегі өлшеусіз, – дейді.
Ұлттық киім челленджіне Бесарық бекетінің клуб үйі, Жайылма ауылдық клубы, Шалқия кенттік мәдениет үйі, Қосүйеңкі ауылдық клубы, Сунақата ауылдық клубы, Арман мәдениет үйінің ұжымы да белсенділік танытты. Сондай-ақ, ауданда ашылған «Банк центр кредит» бөлімшесінің ұжымы да Наурыз тойының қарсаңында келген клиенттеріне наурыз көжеден дәм ұсынып, қазақтың ұлттық киімімен қызмет көрсетті. Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген әшекейлер де әр қатысушының дара болмысын айқындады. Осы көшке ілесіп, ұжымдық ынтымақты насихаттаушыларға челлендждің жыл соңына дейін жалғасатынын ескертеміз.

Мақпал МАРҚАБАЙ
20 наурыз 2021 ж. 833 0