№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бүгінгі уақыт талабы – мектептегі менеджмент бағыттары бойынша жұмыс жасау

Бүгінгі уақыт талабы – мектептегі менеджмент бағыттары бойынша жұмыс жасау

Қызылордада мектептер арасында «Серіктес директорлар» лигасы құрылып, жаңа идеяларын жобалау үшін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Білім беру жүйесін жетілдіруге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, инновациялық ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
- Лиганы ұйымдастыру және басшылық жасауды облыстық Білім басқармасының, қалалық,аудандық білім бөлімдері жүзеге асырады. Қазіргі уақытта серіктес мектептердің наурыз айына жоспарланған шаралары басталды. Мәселен бүгін №176 мектепте «Серіктес мектептердің» тренер, шебер педагогтері арасында «Мектептің сымсыз болашағы», «Мүмкіндіктер шегінен шығып қарайық» «Мұғалімнің есеп теориясы» тақырыбында әдістемелік марафон өтуде, - деді С.Лапин атындағы №261 орта мектеп директоры Қарлығаш Әбдрахманова.
- Мектеп-лицейде «Оқуға ұсынылатын 20 кітап» жобасы жүзеге асуда. Жобаның негізгі идеясы – балалардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру. Сондай-ақ, оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді. Сол себепті kitap.kz сайтындағы шетел әдебиеті классиктерінің шығармаларын тізімге қостық, - деді Ш.Есенов атындағы №153 мектеп-лицей директоры Қанат Әмзиев.
- Бүгінде мектептер вертикалды басқаруға қарай ойысуда.
Ұжымды басқару ең бірінші ұжымда жақсы атмосфера қалыптастыру, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, үштік одақпен оның ішінде ата-анамен қолжетімді түрде қарапайым байланыс орнату. Біз Әл-фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің химия және химиялық технология кафедрасымен де оқушыларға мамандық таңдауға байланысты кәсіби бағытта, ғылыми зерттеушілік бағытта жұмыстар жүргізу жөнінде келісімге келіп отырмыз. Мектеп-лицейімізде «Оқуға құштар ұлт – Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «101-ге 101 кітап» акциясы өтуде, осыған байланысты «KOWORKING» орталығы ашылды, - деді Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицей директоры Айгүл Өткелбаева.
04 наурыз 2021 ж. 681 0