№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Басты бағдар – білімде

Басты бағдар – білімде

Жыл қорытындысында аудандық білім беру саласы көрсеткіштеріне көңіл қойсақ. Аудан бойынша 42 мектеп бар.  2020-2021 оқу жылы 18570 оқушы, 2666 педагог кадрмен басталды.  2020 жылы жәй жөндеу жұмыстарына 18276,0 мың теңге қаралып,  барлық білім беру ұйымдарына жүргізілді.
Үстіміздегі жылы кент орталығында №169 мектеп пен МАИ бекетіндегі 300 орындық жаңа мектеп құрылысы басталғаны белгілі. Аталған мектептер 2021 жылы пай­да­ла­нуға беріледі деп жоспарланған. «Жол картасы – 2020» бағ­дарламасы арқылы күрделі және ағым­дағы жөндеу жұмыстарына 6 мектепке барлығы 496819,0 мың теңге қаржы берілді.
Сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында №86 мектепке 491097,0 мың теңге қаралып, күрделі жөндеуден өтті.  2021 жылға аудан орталығындағы №163 мектепке күрделі жөндеу мен Қаратөбе ауылындағы №229 мектептің жылу ғимаратын жаңадан салу жоспарланды. Ауданда барлығы 31 дана рабо­тотех­ника кабинеті бар. 2020 жылы 11 дана робототехника кабинеті алынып, аудандар арасында бірінші болып 100 пайызға орындалды. Аудандағы білім беру ұйымдары бейне­бақылау камералары барлық мектепте бейнебақылау камера­сымен жабдықталды.
2020 жылы  10 мектеп бейнебақылау камераларымен және арнайы каналмен аудандық ішкі істер бөліміне қосылды. 42 мектепте ішкі және сыртқы әжетханалары жұмыс істейді. 2020 жылы 5 білім беру ұйымының екеуінде (№86, 89) күрделі жөндеу жұмыстары жасалды, №3 мектепке (167, 169, 255) тиісті қаржылары қаралып, орнатылды. Аудандар арасында барлық мектепте ішкі әжетхана мәселесі шешімін тапты.
Біздің аудандық білім бөлімі де, биылғы  жылы жаңартылған білім бағдарламасын іске асыруда. Жаңартылған білім мазмұны бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, цифрлық технологияларды пайдалану, заманауи сабақты құры­лым­дау жұмыстарына әдістемелік қолдау мен көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу мақсатында түрлі семинарлар ұйым­дастырылды. Жас мамандармен 2020 жыл­дың қазан айында «Педагогикалық әрекеттерді шешу жолдары» тақырыбында дөнгелек үстел онлайн режимінде өтсе, «Қашықтықтан оқыту ерекшеліктері», «Оқу­ға тарту», тақырыптары бойынша тәжірибе сабақтары өткізілді.
Сонымен қатар «Жаңартылған білім мазмұны аясында оқушыларды оқытудағы проблемалар мұғалім рефлекциясының негізі» тақырыбында 22 магниттік мектеп­термен семинар-практикум өтсе, НЗМ тәжірибесін мектеп аясында ұйым­дастыру тақырыбында №51 мектепте мектептердің бірлестік жетекшілерімен дөңгелек үстел өткізілді. Жаңартылған білім аясында «Жаңаша оқыту-өмірге бейімделген ұрпақ тәрбиелеу» тақырыбында №209 мектепте №208, 256 мектептердің арасында семинар-практикум өткізілді. №224 мек­тепте  167, 213 мектептердің қа­ты­суымен оқушылардың білімін баға­лау түрлері – баланың сабаққа деген қы­зы­ғушылығын оятудың тиімді жолы тақы­рыбында семинар-практикум ұйым­дастырылды.
Жалпы білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушыларына арналған респу­бликалық олимпиадаға 12 оқушы қатысып, 4 оқушы  түрлі деңгейдегі дипломдарға ие болды. Атап айтсақ, І дәрежелі дипломды №110 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушы Айзере Дәуренбек ие­ленсе, ІІ дәрежелі дипломмен №164 мектептің 5 сынып оқушысы Оразбай Саян, №195 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқу­шысы  Карима Әбдімүтәліп, №51 орта мектептің 6-сынып оқушысы  Нұртас Дархан марапатталды.
Ал, ауыл мектептерін қолдау, қала және ауыл мектебінің алшақтығын азайтуға бағытталған барысында «Ауыл мектебі» жобасы бо­йын­ша Құттықожа ауылындағы №164 орта мектебінде семи­нар ұйым­­дас­тырылды. «Табысты менед­жер - 2020» облыстық байқауына қаты­сып, белсенділік танытқаны үшін №164 мектебінің директоры Жанболат Ахмет­жанов марапатталды. Ұстаздар арасынан облыстық «Үздік математика пәнінің мұғалімі-2020»  ІІІ орын жүлдегері Қошанов Абзал мен «Үздік бастауыш сы­нып мұғалімі-2020» ІІІ орын жүлдегері  Мереке Әбдімажитқызы марапатталды.
Мұғалім алдында шәкіртке білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Олай болса, білім, ғылым іздегендерге мүмкіндік берілуі керек. Өмірлік азық берер заманауи оқу ошақтары жыл сайын көбейіп келеді.

Әсел РЗАЕВА
03 қаңтар 2021 ж. 452 0