Шет елдік көлікті тіркеу құны 4 млн теңгеге жетуі мүмкін
Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқарма басшысы Жандос Мұраталиев Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу үшін қанша ақша керек екенін айтты.

Шетелдік көлікті сатып алу алдында не білу керек? Таяуда Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасаған болатын. Министрлік шетелде есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған еді. Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей, Армения және Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер күн сайын көбейіп барады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік жеткізілген. Армения және Қырғызстан автомобильдеріне қатысты ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында оларды пайдалану бойынша қатаң шектеулер бар екенін айта кету керек.