№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зейнетақы реформасы: жаңақорғандықтардың белсенділігі қандай?

Зейнетақы реформасы: жаңақорғандықтардың белсенділігі қандай?

2021 жылы елдің әлеуметтік және еңбек саласында жағымды жаңалықтармен басталды. Әсіресе, зейнетақы жүйесіндегі оңтайлы өзгерістерге қазақстандықтар зор қызығушылық білдірді. Зейнетақы жинағындағы қаржыны қалай алуға болады, қандай мақсатта қолдана алады? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.Қазірге дейін 5,3 млн адамның есеп шотында 500 мың теңгеге дейін қаржы болса, 1,6 млн адамда 500 мыңнан 1 млн. теңгеге дейін жинаса, 72 мыңнан аса адам 10 млн. теңге салым салған.
Ресми деректерге сүйенсек, қазақ­стандықтардың 6 пайызы зей­нетақы жинағының бір бөлігін шешіп ала алады. Өйткені олардың жеке шотындағы қаржы жеткілікті деңгейде жиналады. Әр жас санатына қарай түрлі талаптар қойылған. Мәселен, 30 жастағы азаматтар үшін «жеткіліктілік шегі» 2 млн 518 мыңды құрайды. Ал, 35 жасқа толғандардың шотында 3 млн.теңге болу керек. 40 жаста болса 3,5 млн теңге, 45 жас үшін 4 млн. 55 те 5 млн. теңге, 59 және одан асқандарда 5,5 млн. теңге болуы шарт. Осы жаңалық шыққалы, қордағы қаржысын қолына алып, кәдесіне жарату – әр азаматтың көкейінде жүр. Бірақ барлығы сіз ойлағандай жеңіл емес. Есіңізде болсын, қолма қол ақша қолға берілмейді. БЖЗҚ-дағы қаржы тұрғын үйді қаржыландыруға жауапты «Отбасы банкіне» аударылады. Сол себепті банктен есепшот ашу керек. Сонда ғана зейнетақы жинағының бір бөлігіне баспана алуға болады. Қордағы қаржыны жұмсауға қатысты жаңалық азаматтарды қуантқанымен, оны шешіп алуда салық мөлшерін ұстап қалуы олардың қуанышын су сепкендей басты. Экономистерді алаңдатқан тағы бір мәселе – жеткіліктілік шегіне қатысты. Олар қаржылық талаптарды әлі де жеңілдету керектігін ұсыныс отыр.
Ал, біздің аудандағы жағдай қалай? Кімдер алуға өтініш тастады немесе қажетіне жарата алды ма? Міне, осы сауалдарға жауап алу үшін БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталығының басшысы Ермек Оспановпен тілдестік.

– Қаңтар айынан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатынын естіген жұрт бізге ағылып келуде. Күніне 45-50-ге жуық адамға қызмет көрсетудеміз. Оның 95 пайызы осы зейнетақы қорындағы үзінді көшірмелірін шығарып беруді өтініп жатады. Біздің ауданда уран компанияларында қызмет істейтіндердің қаражаттары шекті мөлшерден асып жатады. Осы уақытқа дейін онға жуық азамат келіп, шоттағы ақшасын есептетті. Одан бөлек ішкі істер саласында қызмет етіп, зейнетке шыққан азаматтардың арасында да қордағы қаржысы мөлшерден асқандары бар. Мәселен, 30 жастағы адам үшін жеткіліктілік шегі – 2 млн 518 мың теңге. Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алған кезде, 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынбайды. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатын азаматтарға табыс салығын төлеу мерзімін кейінге қалдыру құқығы беріледі. Табыс салығын зейнетке шыққан соң, 16 жыл ішінде бөліп төлеуге болады, – деді жауапты маман.
– Айтыңызшы, біздің ауданда шеткі мөлшерден асқан азаматтар бар ма?
– Бұл сұраққа жауап беру қиын. Бізге келіп жатқан халықтың көпшілігінде қордағы қаржысы 300 мың немесе 1 млн ғана болып жатады. Зейнетақы қордағы жеке шотты тексеру қиын емес. Қазір кез келген саланың қызметін электронды тұрғыда алуға болады. Смартфонға зейнетақы жинау қорының мобильді нұсқасын жүктеп алып, зейнетақы шотыңыздағы тиісті ақпаратты алуға болады.
Иә, әрбір азаматты зейнеткерлікке шыққан соң жинақтаған өз қаражатын қалай және қандай мөлшерде алатындығы қызықтыратыны сөзсіз. Енді, ауданымыздағы «Отбасы бан­кінің» қаржы кеңесшісі Салтанат Балғабайқызымен жолығып, көкейдегі сауалдарға жауап іздедік.
– Келушілерге түсіндірме жұмысын жүргізіп, бағыт-бағдар ғана бере аламыз. Егер жеке тұлға тарапынан өтінім берілген соң екі жұмыс күн ішінде «Отбасы банкі» мәліметтерді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді. Олар бес жұмыс күні ішінде қаражатты өтініш берушінің банктегі шотына аударады. Егер қаражат алушы 45 күн ішінде зейнетақы төлемдерін алу мақсатын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Ал, алушы осы мерзімде үлгермесе, ақша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кері қайтарылады. Азаматтар зейнетақының бір бөлігін кез келген үйді сатып алуға жұмсай алады. Яғни, екінші нарықтағы баспананы да, жаңа үйді де алу үшін артылған соманы пайдалануға болады. Ал, туыс адамдар зейнетақы жинағына бір-бірінен үй сатып ала алмайды. Осы уақытқа дейін бізге келгендердің арасында 6-7 ғана адамның қордағы қаражаты шеткі мөлшерден асып отыр. Алайда, ол тұрғын үй алуға жеткіліксіз. Бізде жер алуға немесе үй жөндеуге ешқандай бағдарлама қарастырылмаған. Сол себепті, көпшілік тұрғындар ары қарай жинай беруге ынталанып отыр, – деді ол.
Жақында ғана теледидардан зей­нетақы қорындағы ақшаны емделуге және көлік сатып алуға пайдалану туралы ұсыныстар да айтылып жатыр. Мұндай бастамаға әзірге жауапты мемлекеттік мекемелер үн қатқан жоқ. Бұл алдағы уақыттың еншісінде. Қалай десек те, қарапайым халыққа тиімді жүйені енгізіп, ел игілігіне пайдаланса деген тілек біздікі.

Әсел РЗАЕВА

25 ақпан 2021 ж. 428 0