№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Кімдерге зейнетақы жинағын алуға рұқсат берілетіні айтылды

Кімдерге зейнетақы жинағын алуға рұқсат берілетіні айтылды


Баспана немесе білім алу үшін зейнетақы жинағының 30%-ке жуығын шешуге рұқсат беріледі деп болжанып отыр
Сарапшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алғысы келетіндерге қандай талаптар қойылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады
sputniknews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке жылжымайтын мүлік немесе білім алуға зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешу туралы мәселені қарауды тапсырғаннан кейін елорда тұрғынының болашаққа жоспары өзгерген.
"Президенттің ұсынысына дейін қызым: "анашым, пәтер сатып ал, ол сені қартайғанда бағады" деп еді. Менің мынадай жалақыма ипотека алуға қорықтым, оның үстіне құрылыс компанияларына сенім аз. Сондықтан жинақталған зейнетақымның бір бөлігін берсе жақсы болар еді; маған ғана емес, баспанаға мұқтаж адамдардың барлығына қажет қой", - дейді Алла Сердінбаева.
Болжамдардың бірі бойынша ақшаның бір бөлігін алу үшін шотта кем дегенде 5 миллион теңге болу керек. Елімізде мұндай 285 мың адам бар. Бұл жалпы салымшылардың шамамен 3%-і екен.
"Біздің болжам бойынша, үкімет баспана, білім немесе медициналық қызмет алуға зейнетақы жинағының 30%-ке жуығын шешуге рұқсат береді. Егер адамның шотында 5 миллион теңге болса, оның 30 проценті – 1,5 миллион теңге. Бұл сома, ең болмағанда, бастапқы жарнаға жетеді", - дейді ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Әділ Құсманов.
Алла Сердінбаева бұл санатқа жатпайтын секілді. Үкімет жыл соңына қарай зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу тетігін әзірлеген кезде бәрі түсінікті болады.
Қазір бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 триллион теңгеге тарта ақша бар.

30 қыркүйек 2019 ж. 729 0