№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Министр зейнетақы жинағын алу үшін шотта қанша ақша болуы керектігін айтты

Министр зейнетақы жинағын алу үшін шотта қанша ақша болуы керектігін айтты


Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі бекітіліп отыр, ол әр жастағы адамдар үшін әртүрлі болмақ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер ала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды
zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі ерлер мен әйелдер үшін бірдей. Жеткіліктілік шегі жыл сайын есептеліп отырады.
"Жеткіліктілік шегі әр жасқа бөлек белгіленеді. 20 жастан басталады", - деді Нұрымбетов.
Айтуынша, алдын ала есептеу бойынша 30 жастағы азаматтың есепшотында 2 миллион 518 мың теңге болуы керек.
• 35 жас – 2 миллион 961 мың теңге
• 40 жас - 3 миллион 437 мың теңге
• 45 жас - 3 миллион 947 мың теңге
• 50 жас - 4 миллион 495 мың теңге
• 55 жас - 5 миллион 84 мың теңге
"59 жастан асқан азамат үшін 5 миллион 586 мың теңге қажет. Бұл жеткіліктілік шегі, бұдан асқан соманы олар өз қажетіне ала алады", - деді ол.
Еске салсақ, президент биылғы жолдауында 2021 жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алатынын айтты.
03 қыркүйек 2020 ж. 633 0