Қазақстанда смартфондар карта қабылдауды үйренді
Jýsan Bank смартфон көмегімен байланыссыз төлемдер қабылдауға мүмкіндік беретін JPAY мобильді қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" интернет газеті stan.kz сайтына сілтеме жасап.
JPAY қосымшасы – бұл жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ шағын бизнеске арналған, қосымша жабдықсыз дәстүрлі POS-терминалды қарапайым смартфонмен толық ауыстыруға мүмкіндік беретін ыңғайлы төлем шешімі.
"Смартфондар Apple Pay және Samsung Pay технологияларының арқасында біртіндеп байланыс құралынан төлем құралына айналды. Біз осы шеңберді түйістіріп, кәсіпкерлерге төлемдерді смартфондармен қабылдау мүмкіндігін ұсынуға шешім қабылдадық", – дейді Jýsan Bank басқарма төрағасының орынбасары Мирас Шайхысламов.
JPAY төлемге кез келген банктердің Visa және Mastercard байланыссыз карталарын, сондай-ақ смартфондар мен өзімен бірге алып жүретін құрылғылар – смарт сағаттар мен браслеттер арқылы Apple Pay және Samsung Pay сервистерінің көмегімен төлемдер қабылдайды.
JPAY-ді пайдалану үшін NFC-модулі және интернетке қолжетімділігі бар Android операциялық жүйесінің негізіндегі (6.0 және одан жоғары нұсқалар) ең қарапайым смартфон жарайды. Қосымшаның интерфейсі төлемді оңай және жылдам қабылдауға мүмкіндік береді, ал қосымша функционалы электронды чекті төлемнен кейін бірден жіберуге, операциялар бойынша толық ақпаратты жүктеуге, қажет жағдайда төлемді қайтаруға мүмкіндік береді.
"JPAY қосымшасы жеткізу, такси қызметтеріне және курьерлерге, шағын дүкендер мен сауда нүктелеріне, оның ішінде базарлардағы сауда нүктелеріне өте қолайлы болады. Коммерсантқа қосымша жабдық сатып алудың керегі жоқ, қосымша оның барлық шығыстарын азайтады, сондай-ақ оны едәуір мобильді етеді. Төлемге төлем карталарын қабылдау – бұл тек заңнамалық талап қана емес, ең алдымен, ол біздің клиенттерімізге арналған ыңғайлы және қауіпсіз сервис", - деп қосты Мирас Шайхысламов.
JPAY микро және шағын бизнестегі қолма-қол ақшасыз төлемдерді заңды түрде қабылдау мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді, кез келген банктердің карталарын төлемге қабылдай отырып клиенттік базаны ұлғайтуға мүмкіндік береді және ең бастысы – клиенттердің карталарына қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстарды барынша азайтады.
Байланыссыз төлемдерді қабылдауды бастау өте оңай, ол үшін: Jýsan Bank-те шот ашу, банк бөлімшесінде шарт жасасу, Play Market-тен өз смартфонына JPAY қосымшасын орнату және тіркеуден өту керек.
JPAY қосымшасы туралы ақпаратпен толық танысуға, сондай-ақ қосылуға өтінішті осында қалдыруға болады.