№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША СМАРТФОН БАР?

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША СМАРТФОН БАР?


Белгілі маркетолог Әлімжан Бисембаев Телеграм каналында қазақстандықтардың қанша және қандай компьютерлер мен байланыс құралдарын қолданатыны жайлы кішігірім зерттеуін жариялады деп хабарлайды massaget.kz сайтына сілтеме жасап, zhanaqorgan-tynysy.kz интернет  газеті.  Әлімжан Бисембаевтың айтуы бойынша, Қазақстандағы Apple маркалы смартфондар саны 2 млн 150 мың мен 2 млн 210 мың аралығында екен. Жыл басынан бұл өнімді қолданатындар саны 11-17 пайызға өскен. Ал Apple планшеттерін қолданушылар саны керісінше азайып келе жатқан көрінеді. Егер 2018 жылдың қаңтар айында планшетті белсенді қолданатындар саны 95-105 мың аралығында болса, қазір бұл көрсеткіш 85-95 мыңға төмендеген. Android жүйелі смартфондар саны жағынан Apple-ден үш есе асып түскен. Жыл басында қолданыстағы ұялы телефондар саны 5 млн 500 мың-5 млн 700 мың аралығында болса, желтоқсан айының басындағы есеп бойынша 7 млн 500 мыңға жеткен. Android планшеттерін қолданатындардың да саны төмендеуде. 2018 жылдың басында олар 220-240 мың болса, қазір 200-205 мың. “Бұған таңғалатын түгі жоқ”, - дейді Әлімжан Бисембаев, - “Планшет қазір көбіне балалардың ермегіне арналған”. Ал ноутбуктер мен компьютерлерге келер болсақ, Қазақстан азаматтарының 0,96 пайызы MacOS қолданады, бұл шамамен 79-81 мың арасында. Ал жыл басында олардың саны 70- 72 мың болған екен. 11 айдың ішінде көрсеткіш 12,8 пайыздан 15,3 пайызға өскен. Ал 2018 жылы Windows қолданушылардың саны айтарлықтай өзгере қоймаған. Жыл бойғы көрсеткіш 4 млн 510 мың мен 4 млн 720 мың арасында.
30 желтоқсан 2018 ж. 982 1

Гость Jeahulalf от 14 наурыз 2019 12:33
Rivagroup Baclofen Buy Mifepristone And Misoprostol Online cialis without prescription Viagra Keine Wirkung Costco Viagra