Жаңақорғанда пробациялық бақылау белгіленген азаматтар арасында үстел теннисінен жарыс өтті


Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасымен Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жаңақорған аудандық пробациясы қызметінің ұйымдастыруымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, "Нашақорлыққа жол жоқ" немесе "Бәрің де жарысқа" ұранымен үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Аталған шараға пробация есебінде тұратын, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталған 25 ке жуық азаматтар қатысты. Сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың уақытын тиімді ұйымдастырып, спортқа баулуды мақсат еткен жарыс Жаңақорған кенті орталығындағы Денешынықтыру - сауықтыру спорт кешенінде өткізілді.
Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.
Жаңақорған ауданы әкімдігі фейсбук парақшасынан.