№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Шағын футбол тартысы

Шағын футбол тартысы

Жаңақорған кентіндегі орталық стадионның шағын-футбол алаңында аудан прокурорының бастамасымен 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай және "Нашақорлыққа және құқық бұзушылықтарға жол жоқ" "Бәріңде жарысқа" ұранымен атты пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтар арасында шағын-футболдан аудандық жарыс өткізілді. Жарысты аудан прокуроры Әбіш Дарын Елтайұлы ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Өмір болған соң жаза басып, қателікке бой алдыратын азаматтар бар, бірақ оларды неге қоғамнан алыстату керекпіз. Қайта оларға қолдау көрсетіп, осы қоғамға керек екенін сездіру керекпіз. Сондықтан осындай спорттық шаралар жиі өткізіп тұрамыз. Келесіде волейболдан жарыс ұйымдастыратын боламыз, – деді бас прокурор.
Жеңімпаз командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тағайындаған бағалы сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды.

29 ақпан 2020 ж. 1 015 0