№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коворкинг – кітап оқуға шақырады

Коворкинг – кітап оқуға шақырады

ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті елге айналуда білімді қару ету маңызды. Ал, білімді қайдан аламыз? Әрине, кітаптан. Жастар кітап оқу үшін не істеу керек? Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру міндеті тұр. Яғни кітап оқуға ыңғайлы жағдай жасап, топтық ізденісті ұштаған дұрыс. Осы мақсатта Жаңақорған кентіндегі №110 мектеп-лицейдің кітапхана базасында коворкинг-орталығы ашылды.

Іс-шарада алғы сөз алған мектеп директоры Әділмырза Тәждинов:
– «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында коворкинг-орталық ашылуда. Заиманауи үрдіс «Рухани жаңғырумен» де сабақтасып отыр. Мектептің кітапхана базасында ашылған орталықтың мүм­кіндіктері мол. Мәселен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасындағы кітаптарды, ғылыми жұмыстарды оқи алады. Жаңақорған аудандық кітапханасының электронды қорындағы кітаптар мен газет-журналдар қолжетімді болады, – деді.
Білім саласының ардагері, ауданның «Құрметті азаматы» Серік Мұсабай заманауи орталықтың ашылуымен құттықтап, оқушылардың білімін шыңдау­да кітап оқудың артықшылықтары жөнінде сөз етті.
– Қазір ауылдардағы кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғымен жабдықтап, цифрлы жобалар енгізу – бүгінгі күннің талабы. Бұл орталық оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына және мектеп қабырғасында алып жатқан білімін одан әрі жетілдіруіне септігін тигізеді деп ойлаймын, – деді аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлат Байгенже.
«Үздік оқырман» сайысы өтіп, оқушы­лар мен ата-аналардың кітап оқу құндылығын насихаттаған бастамаларын көрдік.
Салтанатты іс-шара аясында білім ордасының директоры Әділмырза Тәждинов пен аудандық кітапхананың басшысы Әсемгүл Тілеубергенова бірлесе жұмыс жасауға уағдаласып, меморандумға отырды.
Айта кететіні, коворкинг-орталықта оқушылардың сапалы білім алуына, бос уақыттарын тиімді өткізіп, шығармашылық және ғылыми бағытта жұмыс істеуіне жан-жақты жағдай жасалған. Яғни жастар өз жобаларын, идеяларын талқылай алады, іскерлік кездесулер, пікірталастар, лекция, семинар, шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастыруға болады. Бұл орын жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтармен (компьютер, проектор, экран, маркерлі тақта, диван, стол, үстелдер) жабдықталған. Интернет, WI-FI бар. Тіпті, интеллектуалды ойындар, көрмелер ұйымдастыруға, вебинар және фильм көруге де мүмкіндік бар.
Коворкинг-орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет бар.
03 ақпан 2021 ж. 702 0