Қызылордада ескі үлгідегі КСРО паспорты бар 11 азаматқа жеке куәлік берілді

Қызылорда облысының аумағында жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген, яғни ескі үлгідегі КСРО паспортымен 11 адам анықталып, оларды құжаттандыруға көмек көрсетілді.
Олардың ішінде Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде дүниеге келген 71 жастағы тұрғын және 49 жастағы қызылордалық азамат 1974 жылғы ескі үлгідегі КСРО паспорттарын жоғалтып алып, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігімен құжаттанбаған.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып құжатсыз жүрген азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі