№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыста 1800 азамат мобильді топтар арқылы құжаттандырылған

Облыста 1800 азамат мобильді топтар арқылы құжаттандырылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында аймақтағы көші-қон саласында қызметтердің көрсетілу барысы баяндалды.
Көші-қон қызметі саласымен жыл басынан 66000 астам электронды түрде, 2000 астам қағаз түрінде мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Биыл, пандемияға байланысты облыс аумағына шетелдіктердің келуі азайған. Қазіргі таңда, көші-қон қызметі саласымен облыс аумағына түрлі мақсаттармен 2800 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Уақытша тіркелгендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 86 пайызға азайған.
Облыстық көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арун Жолдасбаев «Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру мақсатында көші-қон қызметі және ХҚКО мамандарынан жасақталған, тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын арнайы мобильді топтар жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге мобильді топтарымен барлығы 1800-ден астам облыс тұрғындары құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды», - деді.
Айта кету керек, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, облыстың полиция департаментінің көші-қон қызметі саласы бойынша 12 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Бүгінгі күнге қызметтердің 60 пайызы электронды түрде көрсетілсе, жыл аяғына дейін 90 пайызға жеткізу жоспарланған.
ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
07 қазан 2020 ж. 499 0