№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биіктен көрінудің сыры...

Биіктен көрінудің сыры...

Мықтыбайдың немересі мықтылығын кезекті рет танытты. Иә, бұған дейін өзіміздің Нұрсұлтан Мықтыбай «Халық алғысы» медалін алған еді, енді «Үркер-2020» сыйлығына лайықты деп танылыпты. Сыр журналистері kyzylorda-news.kz порталы «Жылдың үздік репортажы» жариялағанына, оның авторы Нұрсұлтан Мықтыбай екеніне сүйсіндік.

Жалпы Нұрсұлтан Мықтыбай кім, қайдан келді? Бұл сұрақ екі жыл бұрын алдымнан шыққан-ды.
Ол kyzylorda-news.kz сайтына редактор болып келген бойда өткір сөзімен, орынды ұсыныстарымен ерекшеленді. «Сыр медиа» ЖШС қарасты аудандық газеттердің сай­тына бәсекеге қабілетті болу­дың жолын ұсынды. Kyzylorda-news.kz-ті ақпараттық агенттікке айнал­дырудың маңызын түсініп, жедел ақпарат таратудың жолын ұстанды. Алғаш Сыр журналистеріне Нұрсұл­тан Мықтыбай өзін осылай мәлімдеді.
Одан кейін Нұрсұлтанды ұмыта бастаған едік. Өзінің тәжірибелі ме­диа­­маман екенін «Қазалы» газетінің 10 жылдығында есімізге қай­та салды. Облыстық, қалалық және аудандық газеттердің сайтын дамыту жөнінде баяндама оқы­ды. Әсілі, мұны баяндамадан гөрі, әр редакторды сөзбен нұқып, кем­шіліктерді астарлап жет­кіз­ген бағдаршам ретінде қабыл­даған дұрыс болар. Екінші кез­десу­ден кейін Нұрсұлтан ойы алымды, қаламы жүрік қаламгер екенін мойындатты. Мықтыбайдың немересі екі кездесуден кейін-ақ өзінің мықты менеджер екенін мойындата білді. Кейбір журналистер үшін мұндай биіктен көріну үшін бірнеше жыл қажет ететіні анық ғой. Тіпті басшы болғанымен ойы уақыт талабымен үйлеспей, сөзі өтпей жататынын көріп жүреміз. Ал, біздің Нұрсұлтан ұтымды ұсыныс айта біледі.
Сөйтсек, Нұрсұлтан Мықтыбай өзінің мықтылығын бұған дейін Атыраудың шығармашылық орта­сында дәлелдепті. Онда «Аты­рау-Ақпарат» ЖШС интернет сайт­тарының редакторы қызметін ат­қа­рады. Одан кейін, Батыс Қазақс­тан облысының «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директордың бірін­ші орынбасары ретінде еңбек етеді. «Ел» республикалық газетінің сапалы шығуына үлес қосып, «Мырза» республикалық газетінің шығуына жауапты болады. Қысқасы, жур­налист ретінде шыңдалып, редакторлық тізгін ұстайды, медиа-хол­дингтердің қалыптасып, дамуына үлес қосып, медиаменеджер ретінде танылады.
Нұрсұлтанның мол тәжірибесі карантин кезінде көрінді. Ол Сыр өңірінде коронавирустың таралу деңгейі, оны алдын алу жолдары, дәріханалардағы дәрі-дәрмек қоры, дәрігерлердің кеңесі және т.б жайлы жедел ақпарат таратады. Вирусты жұқтыру қаупін біле тұра арнайы репортаждар жасауға тәуекел етіп, блок-посттарға барды...
Осындай табанды еңбектің арқасында өзінің шығармашылық әлеуетін ғана дәлелдеген жоқ, kyzylorda-news.kz сайт ұжымының зор потенциалын көрсете білді.
– Шынымды айтсам, бұл – ме­нің ғана емес, ұжымның ортақ жеңісі. Бізді қолдаған басшылар мен біздің ақпараттық өнімді тұтынған оқырманның биігі, – дейді «Үркер-2020» сыйлығының иегері.
Міне, Нұрсұлтан Мықтыбайдың Елорда төрінде марапат биігінен көрінуінің сыры осында жатыр.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
17 қараша 2020 ж. 492 0