№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » МӘМС – жайлы өмір сүру дағдысы

МӘМС – жайлы өмір сүру дағдысы


Биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заң қолданысқа енгізілді. Ал келер жылы түпкілікті бетбұрыс жасау міндеттелген. Әлемнің озық мемлекеттерінің тәжірибесіне негізделген тиімді жоба өз нәтижесін бере бастады.
Осы тақырып төңірегінде аудан әкімінің мәжіліс залында жиын өтті. Жиын төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев тақырып жайында біршама түсінік беріп, әлеуметтік сақтандырудың маңызы жайында және ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.


Жиынға ауылдық округтердің әкім­дері, мамандары, бөлім басшылары, мем­лекеттік және жекеменшік меке­мелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев бүгінгі таңда ауданда мін­детті әлеуметтік медициналық сақ­тандыруды енгізу бойынша түсін­діру жұмыстары кеңінен өріс алып отыр­ғанын жеткізді. Осыған орай, тұр­ғындар арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қағи­далары, медициналық сақтандыруды енгізу кезеңдері мен оның ұтымды жақтары туралы тұрғындар мен жұмыс берушілерге түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажеттігін баса айтты.
Сөз алған "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның бөлім бастығы Абылайхан Рахимов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудегі негізгі мақсат – халыққа медициналық қызметтің барлық түр­лерінің қолжетімділігін арттыру және әртүрлі тетікті пайдалана отырып, меди­­циналық қызметтің сапасын көте­ру және бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру, тұрақ­тандыру, сол арқылы денсаулық сақтау тиімділігін, нәтижелілігін арттыру екенін түсіндіріп өтті.
– Жинақталған қаражат науқастардың емделуі үшін емханаларға жіберіледі. Жұмыссыз немесе аз қамтамасыз етілген тұрғындарға мемлекет көмектеседі. Жалпы, медициналық сақтандыру қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді жойып, саладағы жұмысты жүйелеуге жол ашады. Әрине, ең бірінші жаңа реформа халыққа кеңінен түсіндірілуі қажет, – деді Абылайхан Мейрамұлы.
Мұнан бөлек міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдем­нің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты – міндетті меди­ци­на­лық сақтандырудың базалық бағдар­ламасымен және медици­налық жәр­демнің қолданыстағы стандарт­тарымен кепілделінген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың құқықтарын қам­тамасыз ету
Жиын соңында тұрғындар келген мамандардан өздерін алаңдатып жүрген сұрақтарына жауап алды.
Аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы жиынға қатысушыларға МӘМС жүйесіне қатысты атқарылуы қажет жұмыстарға қатысты нақты тап­сырмалар жүктеді. Түсіндіру жиын әрі қарай аудандық емхана мен орталық ауруханада медицина қызметкерлері арасында жалғасатын болды.

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
14 қараша 2020 ж. 399 0