№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада тойханалар басқа кәсіпкерлік нысандарына беріліп жатыр

Қызылордада тойханалар басқа кәсіпкерлік нысандарына беріліп жатыр


Қызметіне тиым салынған кәсіпкерлік нысандарын қайта жандандыру және басқа салаларға бағыттау мақсатында облыс әкімдігімен «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары»әзірленді.
Жоспар аясында 10-нан аса тойхана қызметтерін өзге салаларға бағыттады.
Мәселен, Арал ауданында орналасқан «Ақниет» тойханасы киім-кешек сататын сауда нысанына, Қармақшы ауданына орналасқан «Алтын Ғасыр» тойханасы отбасыға арналған киімдер сататын сауда орталығына және «Мәлике Ана» тойханасы балалар ойын алаңы мен кондитерлік өнімдер өндіретін цехына ауыстырылса, Қызылорда қаласында орналасқан «Ұлытау» тойханасы шырындар мен сусындар және «Orda» тойханасы автоматтандырылған лаваш шығару өндірістерін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сонымен бірге, бірқатар тойханалар өз бағыттарын құс шаруашылығына, құрылыс материалдары дүкеніне,медицина орталығына қайта бағыттауда.
Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады.
Осы саладағы кәсіпкерлерге тойхана қызметін қайта бағыттау бойынша қызығушылық танытылған жағдайда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының 8(7242)40-10-57 байланыс нөмеріне хабарласуға болады.
10 қараша 2020 ж. 267 0