№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Соңғы 4 жылда 1172 қазалылық «Бастау» жобасын оқыған

Соңғы 4 жылда 1172 қазалылық «Бастау» жобасын оқыған

 

Бүгін біз «Бастау» жобасының түлектерінің бірі қазалылық – Тұрған Жетесәлиева туралы айтпақпыз. Ол 16 жылдан бері тігіншілікпен айналысып келеді. Алғаш қарапайым көрпе, көрпеше тігуден бастаған Тұрған бүгінде тапсырыспен жұмыс жасайтын белгілі ісмерге айналды. Кәсібі өрге жүрген кәсіпкер орталықтан арнайы «Қыз Жібек» қыз жасауын дайындайтын тігін шеберханасын ашты. Отбасылық бизнес болғандықтан қыздарымен бірге жұмыс жасауда.
«2017 жылы шағын шеберханамды ашқан болатынмын. Ол үшін Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалы арқылы «Бастау» жобасын оқып, 1,5 млн.теңге несие алдым. Шеберханада қазақы нақыштағы оюларды өзіміз жасаймыз, оямыз, тігеміз. Бұл біздің жанұялық бизнесіміз. Көмекшілерім – балаларымыз. Құда-құдағайларға арналған жастықтар, көрпе-көрпешелер, одан өзге де тұтынушыларымыздың сұранысына сай суреттерін салып, оюларын ойып береміз», - дейді кәсіпкер Тұрған Жетесәлиева.
Кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес сауаттылығын арттырған шебер жеңілдетілген несиені «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан алғанын айтты.Кәсіпкер аталмыш қаржыға заманауи тігін машиналарын сатып алады. Бұл әрине еңбек өнімділігінің артуына септігін тигізіп, тапсырыстарды көптеп қабылдауға және уақытылы бітіріп беруге мүмкіндік беріп отыр. 
Айта кету керек, 2017 жылдан бері  Қазалы ауданы бойынша 1172 адам «Бастау» жобасын оқыған. Соның ішінде биыл 246 адам оқып, біліктілігін жетілдірген. Оқуды аяқтағандығы жөнінде сертификат алған азаматтардың ішінде 75 жоба иесі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млн. теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
08 қараша 2020 ж. 477 0