№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қазақстандық аналарға декреттік демалыс 3 жыл бойы төлене ме? Министрлік жауап берді

Қазақстандық аналарға декреттік демалыс 3 жыл бойы төлене ме? Министрлік жауап берді


Бала күтіміне байланысты берілетін жөргекпұлдың мерзімі ұзартыла ма? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сауалға жауап берді, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаға "Жаңақорған тынысы".

Осы жылдың басында аталған ведомство жәрдемақыны 1 жарым немесе 3 жасқа дейін ұзартуды ұсынып еді.
Алматылық Айзат Әбжанованың 1 жас 3 айлық сәбиі бар. Жас ана бөпесін омыраудан ерте айырып, жұмысқа шықты. Жолдасының тапқан-таянғаны күнделікті ас-ауқаттан артылмайды өйткені. Табысы асып-таспаса да, бір жыртығымды жамар деген оймен суреттен сабақ беріп жүр.
"Баламен былай отырғым келеді. Бағып, қарап. Қазір ондай мүмкіндік болмай тұр. Сол үшін кішкентай балаларға суреттен сабақ берем. Сол үшін жұмысқа шығуға мәжбүр болдым. Бір жасқа дейін өте аз. Себебі, бізді балабақшалар 1 жастан бастап қабылдамады. Сол үшін бізге қиындау болып тұр", - дейді ол.
Кейіпкеріміздің жайы көпшілігімізге таныс. Өйткені, бұл жағдай ел тұрғындарының біршамасының басында. Бүлдіршін бір жастан асқан соң, Үкіметтен берілетін жөргекпұл тоқтайды. Сөйтіп ата-ананың екеуі бірдей жұмысқа шығып, отбасылық кірістің 50-60 мыңын бала күтушіге үзіп беруге мәжбүр. Қоғамдық талқылауларда аталған мәселені көтеріп жүрген Мейрамхан Жәпек бұл проблеманы тездетіп шешу керек дейді.
"Баланы тастайтын жер жоқ. Қарайтын адам жоқ. Күйеуінің тапқан табысы жетпейді. Қалай да соны жеткізу үшін ана жұмысқа шығуға мәжбүр болады. Қазақстанның миллиардтаған ақшасы. Қаншама байлығы жерасты, жерүсті байлығының барлығы шетел асып жатыр. Инвесторлардың, белшілі бір тұлғалардың қалтасына кетіп жатыр. Осы мәселенің барлығын тоқтату үшін біз қазірден бастап өзіміздің болашағымызға, балаларымызға қамқорлық танытуымыз керек, - дейді "Ақжүніс" ерікті аналар қоғамы Астана бюросының жетекшісі Мейрамхан Жәпек.
Осы жылдың басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жағымды жаңалықтың шетін шығарғаны бар. Жәрдемақыны үш жасқа дейін, тіпті жоқ дегенде 1 жарым жылға дейін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз деген еді.
"Осы жылы министрлік бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан үш жасқа дейін ұзарту туралы мәселені қарады. Алайда, жәрдемақыны көбейту бойынша шараларды енгізу 2026 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығының бұзылуына әкеп соғады. 2049 жылға дейін қордың қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін 2020 жылдан бастап әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін 8%-ке арттыру қажет. Бұл өз кезегінде жалақы қорына жүктемені арттырады және бюджеттен қосымша қаражат талап етеді", - делінді ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми жауабында.
Яғни, сайып келгенде барлығы бюджетке келіп тіреледі. Елдің экономикалық мүмкіндіктері де ескерілуі керек делінген ресми жауапта. Осы орайда Ана мен баланы әлеуметтік қолдаудың қатып қалған жүйесіне қан жүгірмесе, одан келер залалдың арта берері сөзсіз дейді мамандар.
"Егер біз осы тақырыпқа, осы мәселеге түбегейлі қарамайтын болсақ, онда біз, біздің қоғамымыз дамудың орнына кейін кетеді. Қазір шетелге қаншама жастар кетіп жатыр. Неге кетіп жатыр?. Себебі, олардың барлығы осы елдегі төлемақы дұрыс төленбегендіктен. Еңбекақы дұрыс төленбегендіктен. Жүйесіздіктен. Безбүйректіктен", - дейді Мейрамхан Жәпек.
Қазір 400 мыңға тарта ана бала күтіміне байланысты жәрдемақысын алып отыр. Жұмыс істемейтін әйелдерге бюджеттен бір жыл бойы ай сайын 15-тен 24 мыңға дейін жәрдемақы төленуде. Ал көрші Ресейде жөргекпұл 1 жарым жасқа дейін беріледі. Балабақшаларының да кіші тобы да осы жастан бастап жұмыс істейді.
04 қараша 2020 ж. 624 0