№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алтын күз-2020: ырыс артқан күн

Алтын күз-2020: ырыс артқан күн

Бүгін таңғы сағат 8.00-ден Жаңақорған кентінде ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі басталды. Диқандар мен малшы қауымның ала жаздайғы еңбегін таразылап, табысын арттыратын әлеуметтік шараны жаңақорғандықтар асыға күткені анық. Оны жәрмеңкеге келген тұрғындардың белсенділігінен көруге болады.
Әр адам өзіне қажетті өнімді – картоп, пияз, сәбіз, асқабақ, күріш және т.б. қажетінше алды.
Сондай-ақ, ауылшаруашылық саласында табысты еңбек еткендер марапат биігінен көрінді. Айта кететіні, еңбек адамдарын насихаттап, ауылшаруашылығы саласының жетістіктері жайлы өндіре мақала жазып жүрген "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторының орынбасары Баян Үсейінова марапатталды.
Толық ақпаратты "Жаңақорған тынысы" газетінің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.









Суреттерді түсірген Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
24 қазан 2020 ж. 711 0