Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Карантин талабын ескермегендерге жаза бар

Карантин талабын ескермегендерге жаза бар


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирустың ықтимал екінші кезеңіне дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізгені белгілі. Бұл бізді де ойлантпай қоймады. Себебі елдік деңгейде шешім қабылдайтын болсақ, ортақ тәртіпке бағыну міндеті алдымыздан шығады. Мұны біздің ауданның тұрғындары жауапкершілікпен қабылдауы тиіс.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирустың ықтимал екінші кезеңіне дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізгені белгілі. Бұл бізді де ойлантпай қоймады. Себебі елдік деңгейде шешім қабылдайтын болсақ, ортақ тәртіпке бағыну міндеті алдымыздан шығады. Мұны біздің ауданның тұрғындары жауапкершілікпен қабылдауы тиіс. Коронавирус бойынша ресми деректер күнде жарияланады. Індет белең алған уақыттан бастап адамдар арасында сенімсіздік туып, ол нарсе әлі күнге дейін жалғасып келеді. «Сақтықта қорлық жоқ!» демекші, індет елге тарай бастағаннан-ақ ұлт денсаулығын қорғау мақсатында еліміздің барлық аумағында төтенше жағдай режимін енгізіп, карантин жарияланды.
Өршіп бара жатқан инфекцияның таралуын тежеу үшін қабылданған іс-шаралардың бағыты пандемия кезінде қатаңдатыла түскені белгілі. Талапқа көнгісі келмейтіндер де әр жерден бой көрсетіп жатты. Алайда аудандық прокуратура, полиция бөлімінің қызметкерлері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары мен басқа да жауапты сала мамандары өзара іс-қимыл жасай отырып, карантиндік талапқа бағынғысы келмейтіндермен жеке-жеке жұмыс істеді. Осы бағытта рейдтік шаралар жүргізілді. Бұл іс-шара әлі де жалғасын табуда.
Бірақ қоғамда тойға бару, тілек айту, адам өмірден кеткенде топырақ салу деген сияқты дәстүр тыйылмай тұр. Дәл осындай сәтте жауапкершілікті сезініп, дәстүрге түсіністікпен қарап, одан да маңызды адам өмірі екеніне көңіл бөліп, ұлт болашағына үлес қосуымыз қажет.
Өмір бар жерде өлім бар. Мұндай жоралғы-рәсімдер кезінде көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын вирус кімнен, қалай жұғатыны белгісіз. Сондықтан сақтық шараларын ұстанып, тіпті мұндай дәстүрден уақытша бас тарту абзал.
Қауіпті дерт арамыздан орны бөлек ел ағаларын алып кеткені де ел есінде. Көптеген отбасы орны толмас қазаға тап болып, бірінен-соң бірі қара жамылып жатты. Арасында небір жақсыларымыз бен жайсаңдарымыз да бар еді. Осылайша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың алдын алудағы қаперге алынбаған шаралар үлкен қатерге ұрындырғаны белгілі.
Індет іргені іреп тұрған тұста жиын-той, атап айтқанда, келін түсіру, беташар, сүндет тойдың тоқтамай тұрғаны жанға батады. Қанша түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен, ертеңіне алаңдайтын тұрғындардың аздығы көңілге кірбің ұялатады. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауада қоғамдық тамақтану орындарына рұқсат берілгенімен, межеде белгіленген адам санынан артық ағайын-туыс, көрші-қолаңның басын қоссаңыз заңға сәйкес жауап беріп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабына сәйкес (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) жауапкершілікке тартылатынын естен шығармаған жөн.
Бүгінде аудан көлемінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабымен 50 дерек анықталып, заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынды.
Атап айтқанда, аудандық прокура­тураның бастамасымен мобильді топ­тың жұмысы үйлестіріліп, карантин талаптарын сақтау бағытында аудан көлемінде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Осы ретте бірқатар тұлғалар тара­пынан шектеу шараларының сақтал­майтыны анықталды.
Мәселен, Жаңақорған кенті орта­лығында орналасқан дүкеннің облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дә­рі­герінің 17.09.2020 жылғы №2 Қау­лысында көрсетілген уақыттан тыс, яғни сағат 23:00-ден кейін жұмыс жасап жатқаны анықталып, дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен қысқартылған тәртіпте 3194700 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Әлемдегі және Қазақстандағы эпиде­миологиялық жағдайға байла­нысты бірініші кезекте маска киіп жүру қажет. Бұл үкімет тарапынан белгіленген оң шешім. Өйткені карантиндік талаптың сақталуы маңызды. Инфекцияның ауа арқылы да тарайтынын айтқан ғалымдар вирусты кез келген жерде жұқтыру мүмкін екенін де ескерткен. Сондықтан адамдар көп шоғырланатын орындар – дүкен, дәріхана, қоғамдық көліктерде маска киіп жүруге шақырамыз. Масканың өзін жиі ауыстырып отыру, қолды антисептикпен дезинфекциялау эпидемия кезінде коронавирустың таралуының алдын алуға септігін тигізетіні анық.
Даңқты батыр Б.Момышұлы айтқандай «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды».
Осы орайда карантин режимін жеңілдету туралы шешім қабылдау үшін бір ғана нәрсе қажет – карантин талаптарын қатаң сақтап, бір-бірімізді құрмет қылу және өміріміз бен денсаулығымызды сыйлау аса маңызды іс...

Дарын Әбіш,
Жаңақорған ауданының прокуроры

10 қазан 2020 ж. 539 0