Құрылтай

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

№55 (8969) 25

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қазақстанда 5 қазаннан бастап қандай шектеулер енгізіледі?

Қазақстанда 5 қазаннан бастап қандай шектеулер енгізіледі?

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясына байланысты 5 қазаннан бастап енгізілетін жаңа шектеулер туралы айтты.
Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Инфекцияның алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады:
Басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтата тұру;
Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу;
Түркияға рейстер санын азайту.
Екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға мынадай талаптар қойылады: термометрмен өлшеу; анкета толтыру; коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның алынғанына үш күннен аспау керек).
Анықтама қағазы болмаған жағдайда азамат карантин стационарына екі күнге жатқызылады және COVID-19 анықтайтын лабораториялық талдау жасалады. Нәтижесі шыққан соң, жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға жатқызылады, – деді министр Цой.
Айта кетейік, ІІ санаттағы елдер қатарына: Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енгізілді.

Oinet.kz

02 қазан 2020 ж. 537 0