Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтануда

Коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтануда

Бүгін үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай бойынша есеп берді, деп хабарлайды Жаңақорған тынысы газеті Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте 129 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 3,3 пайызды құрады. Жаңа науқастардың арасындағы 84-і, яғни 65 пайызы алдын алу скринингтің негізінде табылған. 36 науқас медициналық көмекке жүгінген және 9 науқас шет елден келген. Ең жоғары деңгей Алматы қаласында - 33 науқас және Батыс Қазақстан облысында - 20 науқас. Ең үлкен өсім 13,8 пайыз Маңғыстау облысында. Кешегі күні 2 науқас, жалпы 29 науқас қайтыс болды. 1 173 науқас емделіп шықты. Қазіргі күні 2847 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулік бойынша елімізде 13 550 тест өткізілді. Жалпы, 4,5 мыңы скрининг мақсатында», - деді денсаулық сақтау министрі.
Өз кезегінде премьер - министр Асқар Мамин елімізде коронавирус таралуына қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын айтты.
«Осы үдерісті сақтауымыз керек. Бұл бізге карантиндік шараларды одан ары жеңілдетуге мүмкіндік жасайды», - деді ол.
 
05 мамыр 2020 ж. 843 0