» » Ақылбеков Бақытжан: «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» номинациясының иегері

Ақылбеков Бақытжан: «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» номинациясының иегері


Бақытжан Бейсенбекұлы 2019 жылы Байгенже ауылындағы қараусыз - күтімсіз қалған саябақтың сыртқы қоршауын оңалтып, саябақтағы жаздық концерттік сахнаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 200 көрерменге арналған орындықтар орнатып, демалыс алаңқайын жасап берген. Саябақтың кіреберісіне үлкен қақпа (арка) орнатып, өнерпаздардың киім ауыстыратын бөлмесін және
250 адамға ас беруге арналған жаздық ашық бастырма салған. Саябақтың ағымдағы жөндеу жұмыстарына да қаржы бөлген. 2019 жылы саябақты абаттандыруға 2,500000 теңге қаржы бөліп ел игілігіне пайдалануға берді. 2020 жылы саябаққа 100 түп гүлдер көшетін, 250 түп саялы ағаштардың көшетін отырғызды. Саябаққа жаңадан 1 дана алтыбақан, 2 дана балалар ойнайтын құрал орнатып,. ауылдық округ әкімі аппаратына, саябаққа қажетті жаңа су насосын, шөп оратын агрегат сыйға тартып, (Саябақтың алдын тегістеп, тас жайып) автотұрақ жасатты. 2020 жылы саябақты абаттандыруға 1 000 000 теңге қаржы бөлген.


14 тамыз 2020 ж. 367 0