» » «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл тұлғасы» номинациясының иегері Тасболатов Бақытжан

«Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл тұлғасы» номинациясының иегері Тасболатов Бақытжан


Бақытжан Сағындықұлы - 2020 жылы төтенше жағдай кезінде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға 500 мың теңге қаржылай және 2,5 тонна күріш үлестірді. 2019 жылы Елорда да өткен күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Даулет Ниязбековке 500 мың теңге қаржылай сыйақы табыстаса, 2019-2020 жылдары 1 млн теңге көлемінде спортшылардың жатын орнына жол ақысына демеушілік жасаған. Мектеп аралық жарыстар мен олимпиядалық ойындарға да 400 мың теңге сыйақы, Екпінді ауылының мектебі және кент орталығында орналасқан №110 орта мектебіне 300 мың теңге қаржылай және заттай көмек көрсетті. Жыл сайын Екпінді және Шиелі ауданы, Алғабас ауылындағы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 250 отбасыны 50 кг ақталған күрішпен қаммасыз етіп келеді. Бақытжан Сағындықұлы жыл сайын 8 млн теңге көлемінде демеушілік жасауда.

14 тамыз 2020 ж. 522 0