№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ИВЛ аппараты сыйға берілді

ИВЛ аппараты сыйға берілді


Сүйінші! Аудандық ауруханаға жаңа аппарат келді. Пневманиямен ауырып жатқан науқастарға қажетті аппаратты көру үшін ауруханаға баруға асықтық. Енді түскен медициналық аппаратты мамандар құрап, іске қосып жатқанының үстіне түстік. Ауруханаға арнайы қорғаныш киіммен кіріп, аппаратты көзбен көріп, науқастардың жағдайын білдік.

Бұл – аудандық аурухана үшін де, науқастар үшін де үлкен қуаныш. Тыныс алуы қиындап, демікпеге шалдыққан науқастарға бұл аппарат үміт сәулесін жақты.
Бүгінде жаңақорғандықтар үшін жұқпалы індет жұқтыру қауіптілігі жоғары. Яғни эпидемиологиялық ахуал әлі күрделі. Мәселен, Қызыл­орда облысы бойынша 2066 адам коронавирусты жұқтырса, оның 297-і Жаңақорған ауданына тиесілі. Бұл – Сыр өңіріндегі аудандар арасындағы жоғары көрсеткіш. Бүгін­де ауданда 5 провизорлық орталық жұмыс істеп, науқастар саны үзілмей тұр. Әсіресе егде жастағы кісілерде пневманияның өршуі байқалады. Дегенмен аудан әкімінің шұғыл шешімдерінің және дәрігерлердің жанкешті еңбегінің нәтижесінде жазылып шыққан адамдардың да саны артып келеді.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов эпидемиологиялық жағдайды тұрақ­тандыру және ауыр науқастарды жазып шығу мақсатында жергілікті компанияларға арнайы хат жазған-ды. Игілікті іске асыққан «Шалқия Цинк» АҚ-ның демеушілігімен 36 миллион теңгеге екі ИВЛ аппаратын алып берді.
Бірінші және екінші провизорлық орталыққа берілген бұл аппарат науқастар үшін үлкен көмек. Бұл – медициналық персоналдың да жұмысын жеңілдетпек. Ауыр жағдайда келген науқастарға отте­гінің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында қажетінше режим арқы­лы беруге болады.
Қазақстанға Қытайдан жеткізілген аппараттың ерекшелігі де сол, өкпені жасанды желдету арқылы науқастың өміріне араша түсуге болады. Коро­на­вирус індетін жұқтырған науқастың жағдайы нашарлағанда ең қажетті құрылғы өкпеге жасанды ауа жіберетін аппарат екені анық.
Соңғы уақытта әлем бойынша осы медициналық аппаратқа сұраныс күрт артты. Жасанды жолмен жел­дету аппараты өкпеге оттегі жібе­ріп, жиналып қалған сұйықтық пен көмірқышқыл газын сыртқа шығарып отырады. Науқасты мұндай желдеткішке дер кезінде қосса, тірі қалу ықтималдығы барынша артады. Сыйға тартылған «АЕОМЕД» аталатын ИВЛ аппаратының да ерекшелігі осы.
Бізге белгілі болғаны, облыстық денсаулық сақтау басқармасына тыныс алу жолдарын реттейтін 50 аппаратқа сұраныс берілген екен. Егер ұсыныс шешімін тапса, аудандағы науқастар дертіне дауа тауып, жазылғандар қатары көбейе түсетіні анық.
Біздің ауданда миллиондаған теңге көлемінде субсидия алатын шаруа қожалықтар көп. Сондай ірі-ірі шаруашылықтың иелері де игілікті іске демеу беріп, науқастарға жағдай жасаса қайтеді?! Сындарлы сәтте халықпен бірге болмаған бай-бағландардан не қайыр?!

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
19 шілде 2020 ж. 737 0