№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мамин 42 500 теңгені қанша миллион қазақстандық алатынын айтты

Мамин 42 500 теңгені қанша миллион қазақстандық алатынын айтты


Халықты жұмыспен қамту үшін "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын қаржыландыру 1 триллион теңгеге ұлғайтылды
Төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған 3 миллион қазақстандық 42 500 теңге алады. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министр әлеуметтік төлем алушылар қатары кеңейгенін атап өтті. Олардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен тұрмысы төмен азаматтар бар.
"Шамамен 3 миллион қазақстандық 42 500 теңге мөлшерінде төлемақы алатын болады", - деді Мамин үкімет отырысында.
Әлеуметтік төлем кімдерге беріледі:
•Микро, ШОБ субъектілерінің жұмысшылары;
•Жеке кәсіпкерлер;
•Жеке практикамен айналысатындар;
•Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс
•табатындар,
•Карантинге алынған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары.
Бұдан бөлек, ол халықты жұмыспен қамту үшін "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын қаржыландыру 1 триллион теңгеге ұлғайтылғанын айтты.
Бұл 240 мыңнан аса жаңа уақытша әрі тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.
Бұдан бөлек, 700 мыңнан аса бизнес субъектісі салықтық жеңілдіктерге ие болады.
03 сәуір 2020 ж. 711 0