№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аза тұту күні – асқақ рухқа құрмет

Аза тұту күні – асқақ рухқа құрмет


Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.


Ал кеше Нұр-Сұлтан қаласының уақы­тымен сағат 12:00-де рес­публика бойынша коронавирус пан­демиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жария­ланды.
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды. Сонымен қатар рәсімге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Президент Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжанов, Денсаулық сақтау ми­нистрі Алексей Цой қатысты.
Осы күні республиканың барлық аймақтарында облыс орталығында, сондай-ақ, Қазақстанның шетелдегі дип­ломатиялық миссияларының ғи­ма­рат­тарында, жергілікті жер­лер­дегі барлық мекеме ұжымдарда Мем­лекеттік Ту төмен түсірілді.
Аза тұту күніне орай барлық атқару қызметі аппараты басшылары мекеме алдына қаз-қатар сапқа тұрып, бір минут үнсіздік аясында ін­дет салдарынан қаза болған құр­бандарды еске алып, рухына тағзым етті.
Бұл күн тарихта қаралы күн деп белігленді.
Өз ауданымызға келсек, Жаңа­қорған ауданы әкімдігі маңдай­ша­сындағы Мемлекеттік ту жар­тылай төмен түсіріліп, атаулы күні алаңдағы барлық мәдени, ойын-сауық­тық көңіл көтеретін шаралар тоқтатылды, сол сияқты жергілікті теле-радио бағ­дарламаларында жай­­машуақ көр­сетілімдерге орын беріл­меді.
Бұл күн Тәуелсіз Қазақстан та­рихында тоғызыншы рет бел­гіленген қаралы күн ретінде ел есінде қалды.

Ерлан АБДРАСИЛОВ
14 шілде 2020 ж. 642 0