№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жайлманың қарбызы 25 маусымнан бастап жиналады

Жайлманың қарбызы 25 маусымнан бастап жиналады

Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылының бақшалық алқабында 470 гектардан астам жерге қарбыз дақылы егіліп, күтімге алынған. Ауылдағы 12 шаруа қожалығында жергілікті тұрғындар тынымсыз еңбек етуде.
Қазіргі уақытта дихандар ерте егілген бақша (қарбыз, қауын) дақылдарын күтіп баптау жұмыстарын жүргізіп, өнім жинауды біртіндеп маусымның 25-нен кейін, ал шілде айынан бастап жаппай жинауды жоспарлап отыр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда шаруаларды алаңдатып отырған мәселе – ол жиналған өнімді кедергісіз тасымалдау, өткізу мәселесі. Оның себебі де бар, өйткені көрші облыстарда көктем айларында жиналған көкөніс өнімдерін экспорттауға қатысты орын алған жағдайлардан көпшілік хабардар.
Осыған байланысты, ауылға арнайы келген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов аудан әкімдігімен бірге, шаруаларды қазіргі жағдайды ескеріп, жиналатын өнімді ешбір кедергісіз өткізу үшін жасалып жатқан тиісті шаралармен таныстырды.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта елімізден шығатын бақша өнімдері экспортына шектеу жоқ екендігін және солтүстік облыстармен біздің өнімдерді тасымалдау, кедергісіз өткізу, қабылдау, арнайы сауда орындарын белгілеу бойынша да келісімдер бар екендігін жеткізді.Облыстар арасындағы көлік тасымалы бойынша да арнайы жұмыс жасайтын рұқсат беру жүйесі туралы да түсіндірілді.Бұл ретте, шығатын өнімдерге міндетті түрде карантиндік сертификаттардың болуы және тасымалдау-өткізу кезінде барлық санитарлық шаралардың қатаң сақталуы керектігін атап өтті.Сонымен қатар, жергілікті өнімдерді өткізу үшін Қызылорда қаласында халық көп шоғырланған аймақтарда арнайы орындар белгілендігі туралы хабардар етті.
Дихандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жиналатын өнімдердің көлемі мен пісу мерзімдері, ішкі, сыртқы нарық жолдары және басқа мәселелер бойынша ой бөліскен басқарма басшысы барлық қажетті шаралар қолға алынатындығын жеткізді.
25 маусым 2020 ж. 777 0