№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жанмұрат Сейілов – Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы

Жанмұрат Сейілов – Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы


Қызылорда қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы №88 өкімімен Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Жанмұрат Жақсымұратұлы 1985 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде тарих, құқық және экономика негіздері және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы қызметінен бастаған.
2008-2011 жж. Қызылорда облысы, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;
2011-2013 жж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы;
2013-2017 жж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы-қала әкімі орынбасарының көмекшісі, қала әкімінің көмекшісі;
2017-2019 жж. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы;
2019 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін, Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратының басшысы қызметін атқарған.

28 мамыр 2020 ж. 1 686 0