№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жерлесіміздің жағымды жаңалығы

Жерлесіміздің жағымды жаңалығы

Ақтөбе облысы әкімдігінен мәлім еткендей, аймақ басшысының орынбасары болып Мейрамбек Шермағанбет тағайындалды. Ол Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. Кейін аталған орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы болды. Әр жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылорда облысының білім департаментінің директоры, Қызылорда облысының білім басқармасы, тілдерді дамыту басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды. 2015-2016 жылдары аралығында «Ақтөбе облысы әкімінің іс басқармасы» мекемесінің басшысы лауазымында қызмет жасады. 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі болып қызмет етті.

21 наурыз 2020 ж. 1 127 0