№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ендігі екі апта еңсемізді түсірмесін

Ендігі екі апта еңсемізді түсірмесін


Төтенше жағдай режимін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығарды. Алайда одан кейін де босаңсуға болмайтынын айтты. Десе де елдегі ахуалға байланысты Мемлекет басшысы бірнеше мекемелердің қызметке қайта кірісуін қамтамасыз етуді тапсырды. Оның ішінде, кәсіпорын, құрылыс, жол құрылысы мен көлік компаниялары, банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта бастайтынын жеткізді. Сондай-ақ азық-түлік қорының жеткілікті екенін, нарық бағасы бақылауда болатынын да баса айтты.
Бір қуантарлық жағдай, індет ахуалы біздің ауданда да тұрақталып келеді. Дертке шалдыққан 30 науқастың 17-і отбасына оралды. Жаңадан тіркелген жағдай жоқ, қалған науқастардың жазылып шығуын тілейміз. Ең бастысы карантин режимін бұзбауға шақырамын. Президент мәлімдегендей 11 мамырда төтенше жағдайға нүкте қойылады. Сабыр етсек, ол күнде алыс емес, енді екі апта уақыт шыдасақ болды. Сондықтан сақтық шараларына аса мән беріп, тіршілік қамына кірісе беретін боламыз.

Батырбек ЫСҚАҚОВ,
аумақтық қорғаныс және төтенше
жағдайлардың алдын алу бөлімінің ардагері
28 сәуір 2020 ж. 902 0