» » Медицина мамандары қолдауды сезініп отыр

Медицина мамандары қолдауды сезініп отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесі жұқпалы індетпен күн-түн демей күресіп жатқан медицина қызметкерлері үшін үлкен қолдау, зор мүмкіндік берді.
Мыңжылдықтардан бастау алатын елдік жолында біздің ата-бабаларымыз талай қиындықпен бетпе-бет келіп, еңсере білді. «Мәңгілік Елге» бағдар еткен біздерге де өтпелі кезеңнен бірлігі мығым, бесекеге қабілетті қоғам ретінде шығуымыз керек. Ол үшін әлеуметтің әлеуетін қолдау үшін барлық жағдай жасалуда. Яғни 42500 теңге көлемінде жәрдемақы, тегін азық-түлік, коммуналдық төлемдерге көмек көрсету және т.б қолға алынды. Мұның бәрі қиын сәтте тұрғындарды рухани-материалдық тұрғыда қолдайтын тетіктер екені анық. Президент мәлімдемесі арқылы біздерге осындай жауапкершілікті жүктеп отыр.
Денсаулық – басты байлық. Яғни басты адами құндылық. Осыны терең түсінген Президент дер кезінде төтенше жағдай талаптарын енгізіп, коронавирусты алдын алу шараларын қолға алды. Сондай-ақ медицина саласының қызметкерлерін қаржылай қолдауды қарастырды. Мұның бәрі өз нәтижесін де бере бастады.
Италия мен Испания сынды алпауыттардың өзі төтеп бере алмай адам шығыны көбейді. Біз содан сабақ алуымыз керек. Төтенше жағдайдың 11 мамырға  дейін ұзартылуы құптарлық шешім. Халықтың қамы үшін жасалып жатқан игі бастама. Күрделі кезеңің талабына бағынып, салауатты өмір салтын ұстансақ еңсесі биік елімізге ешқандай індет рухымызды сөндіре алмайды. Елмен бірге болған Президент шешімін әрдайым қолдаймын.

Сәкен ҮСЕЙНОВ,
Денсаулық сақтау ісінің үздігі
27 сәуір 2020 ж. 481 0