№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 42500 теңгені алу үшін жалған мәлімет бергендерді қандай жаза күтеді?

42500 теңгені алу үшін жалған мәлімет бергендерді қандай жаза күтеді?


42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін өзі туралы жалған ақпарат бергендер жауапкершілікке тартылатыны туралы Еңбек министрлігі ескерткен еді.
Stan.kz тілшісі заңгерлерге хабарласып мұндай заңбұзушылықтың жазасы қандай болатынын сұрап көрді.

Танымал заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, өзі жайлы өтірік ақпарат беріп, ақша табу, оның ішінде, мемлекет ақшасын иемдену алаяқтыққа жатады.
"Жеке бас пайдасы үшін өтірік айтып, ақша алса алаяқтық болып табылады. Ондай қылмысқа барған азаматтар "алаяқтық" бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Өзі туралы жалған ақпарат жариялап, мемлекеттің қаржысын алаяқтық жолмен алу туралы тармағымен жазаланады. Бұл қылмыстық іс ретінде қарастырылады. Айыппұл салуы да мүмкін немесе 1-2 жыл көлемінде бос бостандығынан айырады", - дейді заңгер Айгүл Орынбек.
Ел арасында жүрген азамат ретінде халықтың осы жәрдемақыны алу үшін көше аралап, карантин талаптарын бұзуына көзқарасын сұрағанымызда:
"Басында осы көмек берледі демес бұрын оны ұсыну жолдарын қарастырып, реформасын жасап алу керек еді деп ойлаймын. Қазіргі таңда көптеген адамдар көшеге шығып кетті. Өмірінің қауіпсіздігіне қарағанда қаржылай пайданы ойлағандар көбейіп кетті. Халық өкімет ақша береді десе, көшеге шығып жүгіре береді. Адам өз денсаулығын ойлайтын уақытта халықты көшеге шығармауы керек еді", - деген заңгер жәрдемақының берілетін тәсілі дайындалмаса да халықтың көшеде жүгіріп жүргенін айтып налыды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 42500 теңге туралы жалған мәліметтер үшін жауапкершілік қарастырылғанын Еңбек министрлігі ескерткен еді.
16 сәуір 2020 ж. 422 0