Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады


Мамыр айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде тұрғындар барлығы он үш күн демалатын болады
2020 жылдың мамыр айында үш мемлекеттік мереке күні болады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.

Сондықтан сенбі және жексенбі күндерінен бөлек қазақстандықтар қосымша үш күн демалады.
1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі мерекесі жұма күніне келеді. 7 мамыр, бейсенбіде Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. Ал 9 мамыр - Жеңіс күні сенбіге келіп тұр.
9 мамыр сенбіге түскендіктен, 11 мамыр, дүйсені күні жұмыс болмауы тиіс. Алайда үкімет мереке күндерін бекіту кезінде демалысты дүйсенбі, 11 мамырдан 8 мамыр күніне ауыстырған. Сәйкесінше, тұрғындар 7-10 мамыр аралығында демалады.
Бескүндік жұмыс күніндегі тұрғындар 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10, 16, 17, 23, 24, 30 және 31 мамыр күндері демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер 1, 3, 7, 9, 10, 17, 24 және 31 мамырда демалады.
Барлығы демалыс және мереке күндерін қосқанда 13 күн демалады.
14 сәуір 2020 ж. 683 0