COVID-19: Жаңақорған ауданының 4 тұрғынынан анықталды
2020 жылдың 31 наурызы сағат 13.00-дегі мәлімет бойынша 325 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында – 175, Алматы қаласында – 82, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысы – 10, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 8, Атырау облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысы – 13, Қызылорда облысы – 8, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 адамнан вирус анықталды. Бұл туралы https://www.coronavirus2020.kz/ сайты жариялады.

Жаңақорған Ауданы Әкімдігінің фейсбуктағы аккаунтында Жаңақорған ауданында коронавирус індетіне 4 адам тіркеліп, Жаңақорған аудандық аурухананың провизорлық орталығына жатқызылды деген ақпарат шықты.
Жаңақорған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шынар Айдарованың сөзінше, күдікті науқастармен қарым-қатынаста болған 38 адам медициналық бақылауға алынғаны мәлім болды. Қалған науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда екен.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров жаңақорғандықтардың тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.
Өйткені жалған ақпараттар таратушылар заңмен жазаланатыны белгілі.