Сыбайлас жемқорлық күрес – ортақ міндет

Мәжіліске Шиелі ауданы бойынша құқық қорғау органдарының, дербес бөлімдердің басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері қатысып отырды.
Мәжіліс барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанында құрылған Республикалық ақпараттық-үгіт насихат штабының басшысы Ырза Тұрсынзада сөз алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша үгіт-насихат жүргізіп, мақсатты жоспарларымен, ой-тұжырымдарымен бөлісті.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі Бердалин Арман Тілектесұлы адалдық, адамгершілік, шыншылдық, тазалық принциптерін ұстануға шақырып, бүгінгі қоғамда көрініс тауып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында қандай қағидаларға сүйену керектігін айтып өтті.