№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорғандағы 27 елді мекен қыркүйек айында таза ауызсумен қамтылатын болады

Жаңақорғандағы 27 елді мекен қыркүйек айында таза ауызсумен қамтылатын болады

Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде тұрғындардың тарапынан көптеген сауалдар қойылуда, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Сондай сауалдардың бірін Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әріпбек Асанов ақсақал қойды.


«Жаңақорған ауданындағы «Сырдария» және «Талап» топтық су құбырларының жұмысы қашан аяқталады? Біздің аудандағы елдімекендер қашан таза ауыз суға қол жеткізеді? Осы туралы баяндап берсеңіз», – деді жаңақорғандық Ә. Асанов.
«Мен бұл мәселеден толық хабардармын. Жаңақорған ауданындағы аталған топтық су құбырлары бойынша жұмыстар қаралып жатыр. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Бұл жұмыс «Ақбұлақ» бағдарламасымен басталып, «Нұрлы жол» бағдарламасымен аяқталады. Жаңақорған ауданының батысында 12, шығысында 15, барлығы 27  елдімекен бар. Міне, аудандағы осы 27 елдімекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы жыл соңына дейін аяқталады. Бірақ, мен бұл жұмысты қысқа қалдырмай, күзге, яғни, қыркүйек айына дейін аяқтауды тиісті салалық орынбасарыма тапсырдым. Сондықтан, күзде Жаңақорған ауданындағы 27 елдімекен таза ауыз сумен қамтылады», – деді облыс әкімі бұл сауалға.
19 ақпан 2020 ж. 626 0