Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 008

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 041

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 853

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 355

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 563

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 555

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ақпараттық-ағартушылық штаб өңіріміздің белсенді жастармен кездесті

Ақпараттық-ағартушылық штаб өңіріміздің белсенді жастармен кездесті


Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада мен Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ студенттер сарайында облыс жастарымен кездесті.

Аталған шараға «Қорқыт ата» атындағы ҚМУ басшылары,профессорлық-оқытушылар құрамы, «Саналық ұрпақ» клубы мен «Парасаттылық мектебінің» белсенді жастары және студенттер қатысты.
Кездесу барысында сөз сөйлеген штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада Штабтың құрылу мақсаты жөнінде ақпарат беріп, өскелең ұрпақты парасатты, адал әрі әділ болуға, қоғам арасында ежелден қалыптасқан құндылықтарды сақтауға шақырды.
«Біреудің ала жібін аттама деген халқымыз өзгенің жайлауын рұқсатсыз басспай, парасаттылық пен ұятты барлығынан биік қойған. Адал сөзге арсыз ғана тоқтамайды. Сіздер аппақ парақ секілді өмірді енді бастағалы жатырсыздар. Сондықтан, бүгін біз айтқан сөзді көкейге түйіп, жүрекке жеткізесіздер деген сенімдемін»- деді.
Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы алдын-алу шараларының маңыздылығы жөнінде баяндап, жастарды уақытты дұрыс жоспарлауға, адал білім алуға, бәсекеге қабілетті маман болуларына өзінің тілектестігін жеткізді.
Шара соңында, «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ ректоры, филология ғылымдарының кандидадыБейбіткүл Сарсемханқызыөмірде жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығына, әділеттілік, парасаттылық және адалдық құндылықтарыннасихаттау бағытында жұмыс одан әрі жалғасатындығымен қортындылады.
17 ақпан 2020 ж. 433 0