№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрғындар тегін құқықтық кеңес алды

Тұрғындар тегін құқықтық кеңес алды


Апта басында аудандық жұмыспен қамту бөлімінде «Халық заңгері» акциясы өтті. Науқан аясында ауданның білікті мамандары мен заңгерлері тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қырсы іс-қимыл агенттігінің пәрменімен бастау алған ақцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын көтеріп, оларға заңдық тұрғыда көмек көрсету. Қазан айынан бері ай сайын ұйымдастырылып келе жатқан шараға осы уақытқа дейін 80 адам қатысып, барлығы өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Осы күні ұйымдастырылған науқанда аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры Жаңабек Тұрлыбеков, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Ақәділ Оразбекұлы және аудандық жер қатынастар бөлімінің жетекші маманы Самал Нұрлыбаева қатысып, келушілерге кәсіби тұрғыда кеңестерін берді.
Тұрғындар арасында жиі кездесетін еңбек, тұрғын үй қатынастары, жер заңнамасын бұзу мәселелері бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға тәжірибелі мамандар ақыл-кеңес беріп, бағыт-бағдар нұсқады.
Кісі қарасы көп жиналған игі шарада өз мәселесінің шешіміне қол жеткізе алған аудан тұрғыны Гүлнұр Қалдыбаева: «Жер қатынасына қатысты сұрақпен келген едім. Мамандар тиісті тегін кеңестерін беріп, жолын көрсетіп, не істеу керек екенін түсіндіріп берді», – дейді.
Айта кетсек, "Халықтық заңгер" науқаны қарапайым тұрғындар үшін тиімді және дәстүрлі жобаға айналып келеді. Олай деуге себеп те жоқ емес.
Қаншама адамның түйткілді мәселесін шешуде өз қызметтерін аямағанаудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры Жаңабек Тұрлыбеков өз ойын былайша білдірді.
– Кез-келген сұрақ жауапсыз қалмауы үшін осында әр саланың ең білікті мамандары жиналған. Көмек көрсетуден еш қашпаймыз. Себебі бүгінде заңгердің кеңесі орташа есеппен 15-20 мың теңгенің көлемінде. Оны барлығының қалтасы көтере бермейді. Екіншіден, өзіміз үшін де үлкен тәжірибе десек те болады. Шараның қарапайым халық үшін тағы бір ұтымды тұсы, бір адам бір мезгілде  бірнеше маманға жүгіне алады. Ал мұндағы мамандар кеңес беріп қана қоймай, істерді соңына дейін жеткізеді және бәрі де тегін, – деді басшы.
Шараның бел ортасында болып, түйген ойымыз, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар бір орында барша сауалдарға тиянақты жауап алуға жан-жақты мүмкіндік жасалған үлкен шара болды.

Лаура БИБАСАРОВА
15 ақпан 2020 ж. 509 0