№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өтелмеген несие кесірінен банк қызметкерлерінен қысым көріп жүр

Өтелмеген несие кесірінен банк қызметкерлерінен қысым көріп жүр


2019 жылдың 22 қарашасында Қазақстанның барлық қаласында бір күнде және бір уақытта мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мамандары мен білікті заңгерлердің қатысуымен «Халық заңгері» жалпы ұлттық науқаны өтті.

Елдің үздік заңгерлері мен адво­каттары да қолдаған науқан жал­пы ұлттық деңгейде қарапайым халықтың игілігіне қызмет етуді мақсат тұтқан zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесінің ұйымдастыруымен өткен акция аясында аудандық жұмыспен қамту орталығында мамандар мәселелер бойынша халыққа тегін заң көмегін көрсетті.
Шараға аудандық жеке сот орындаушысы Нұрсауле Мейірбекова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Меирхан Оспанов, кент әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жарас Мырзалиев, жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы Ербол Тоқанұлы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев, аудандық прокурор Самат Ерікұлы, аудандық әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Үсенов, аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы Ерлан Мырзабекұлы, аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Ақәділ Оразбекұлы және жұмыспен қамту мекемесінің маманы Жансая Бұлдырықова, сондай-ақ жеке нотариус Ботагөз Ержанова қатысып, өз кеңесімен бөлісті.
Ұлттық науқанға келген 30-жуық тұрғын сала мамандарынан қажетті кеңесін алды. Сондай маман көмегіне жүгінген жанның бірі – кент тұрғыны Палымша Сақтаева. Ол өтелмеген несиесінің кесірінен банк қызметкерлері тарапынан қысым көріп, талай есікті тоздырғанын айтып қынжылды. Өз кезегінде жеке сот орындаушы Нұрсауле Мейірбекова аталмыш мәселені басшылыққа алатынын айтты.
Айта кету керек, бүгінде «Халық заңгері» науқаны қарапайым қазақс­тандықтар үшін дәстүрлі және сүйікті жобаға айналды.

Майра ҒАНИЕВА
27 қараша 2019 ж. 804 0