Кәсіпкерлерге қолдау көп
Бүгінде өңірде жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға басты назар аударылуда. Бұл тұрғыда ынталы кәсіпкерлерді демеп, бизнес-жоспарын жасап, қаржы көздері жайлы құқықтық кеңес беруде – аудандық кәсіпкерлер палатасының алатын орны айрықша. Осы бағытта, аталмыш мекеменің директоры Рысбай Нысанханов 2019 жылы атқарылған жұмыс жөнінде журналистермен брифинг өткізді.
Бірінші кезекте, Рысбай Нысанханов ауданда кәсіпкерлікті дамыту бағытында орталық тарапынан құқықтық қолдау көріп келе жатқан кәсіпкерлер жөнінде баяндады.
– 2019 жылы кәсіпкерлерге қолдау көрсету мен құқығын қорғау жайлы 4 өтініш түскен болатын. Атап айтсақ, кәсіпкер Нұрлан Садуақасов «Нұр Шах» кәсіпорынымен Жаңақорған кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға тұрғындармен келісім шартқа отыру жөнінде өтінішпен келсе, «Шайх» шаруақожалығының басшысы Гүлнар Мансурова жайылымдық жер ала алмай жүргені жөнінде айтты. Ал кәсіпкер Қамар Шерімбетова Жаңақорған кенті, Темір жол вокзалы астында орналасқан бөлмені жалға алып асхана ашу мақсатында кедергілер туындағаны жайлы өтінішпен келген. «BAITAS-M» ЖШС-нің басшысы Манап Әбжаппаров Жаңақорған аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы банктік шоттарын жауып тастағаны жөнінде шағымданды. Барлығына дерлік заңдылықтарға сәйкес түсіндірме жұмыстары көрсетілді, – деді филиал басшысы.
Мұнан кейін ол кәсіпкерлік бағытта оқыған азаматтарға қызмет көрсету, қолдау көрсету бағытында атқарылған шараларға тоқталды. Филиал директорының айтуынша, қаржылай емес қолдау көрсету бағыты бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес 2019 жылдың 12 айында 458 азаматқа 984 кеңес берілген. Ал сервистік бағытта 137 кәсіпкерге қолдау шаралары жүргізіледі. «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, сондай ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты» және Дара кәсіпкерлік ашуға, (келісім-шарт, счет-фактура, портал арқылы қажетті анықтамалар шығару) және т.б. көмектер көрсетілген. Сонымен қатар 320 кәсіпкерге бизнес-жоспар жасалып, қызмет көрсетуде 607 азаматқа бағыт-бағдар берілген. Әрине, мұның өзі үлкен жетістік.
Брифинг барысында Рысбай Нысанханов кәсіпкерлік бағытта бизнес курс оқыған жаңақорғандық ынталылардың санына тоқталды.
– Өткен жылы «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 176 адам онлайн режимде оқытылды және 34 адам сертификат алып, оның ішінде 54 жоба қаржыландырылды. «Бизнес-өсу» жобасы бойынша оқу курсын 16 кәсіпкер оқып, сертификатқа ие болса, «Жобалық оқыту» курсы бойынша 20 кәсіпкер тәлімгерлік сабағына қатысып сертификат алды. Оған қоса, «Даму», «Ісін жаңа бастаған кәсіпкер» тақырыбында 47 кәсіпкерге онлайн оқыту арқылы сертификат алуына палата тарапынан толығымен жұмыстар жасалды. Ал инновациялық гарант бойынша 2019 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай жобасы аясында мемлекеттік грантқа 30 азамат бизнес жоспарын дайындады. Олар алдын ала екі күндік «Бизнес – кеңесші» оқу курсын онлайн түрде оқып тәмамдады. Нәтижесінде, аудан бойынша жалпы құны 3 млн теңгені құрайтын 8 жоба оң қорытынды алды, – деді филиал директоры.
Бұдан бөлек, «Іскерлік байланыстар» компоненті бойынша 6 жоспар беріліп, жоспарланған оқуға 5 кәсіпкер қатысып, 1 кәсіпкер сертификатқа ие болған. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты бойынша өткен жылы 480 адамды «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, барлығы дерлік оқу курстарынан өтіп, 480 азаматқа сертификат табысталыпты. Оның ішінде 473 азаматқа жобасын қорғағаны туралы, 7 азаматқа қатысқаны жөнінде сертификат берілген.
Сондай-ақ брифинг барысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қанша кәсіпкер қайтарымсыз қаржыға ие болғаны жөнінде мағлұмат алдық.
– Жалпы 225 кәсіпкер 252500 теңгеден 56,812,500 теңге жеңіп алса, 428 кәсіпкер 505000 теңгеден 216,140,000 теңге көлемінде грант алды. Ал «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға» арналған гранттар нәтижесінде 653 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы жобалардың ішінде «Жастар жылына» орай жүргізілген «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 115 жас оқытылып, оларға сертификат табысталды. Соның ішінде, 98 азамат 200 ЕАК (505 000 теңге) көлемінде грант ұтып алды. Ал «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» Қызылорда филиалының АҚ арқылы және Қызылорда «өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС арқылы 186 жоба 711,7 млн теңге көлемінде қаржыландырылды, – деді Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры.
Брифинг соңында Рысбай Нысанханов өткен жылы аудан кәсіпкерлерінің алған марапатына тоқталып, есепті басқосуды түйіндеді. Оның айтуынша, Қызылорда қаласында 2019 жылы ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме конкурсына Жаңақорған ауданынан 7 кәсіпкер қатысқан. Соның ішінде 1 кәсіпорын – «Кәусәр» жүгері сусыны жеңімпаз атанса, қалған 6 кәсіпкер белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатқа» ие болған. Ал республикалық деңгейде өткен «Қазақстанның үздік тауары» байқауында да аудан атынан қатысқан «Кәусәр» жүгері сусыны лайықты марапатты иеленіпті.
Лаура БИБАСАРОВА