Құлпынайдың құпиясы
Бау-бақшада қып-қызыл болып өсіп тұрған құлпынайға кім қызықпады дейсіз. Бәріміз де үзіп алып жеуге құмартып тұрдық емес пе? Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы жайлы біреуіміз де ойланбаппыз.
Ғалымдардың айтуынша, құлпынайдың жей нормасы күніне 500 грамнан аспау керек. Ағзаны қоректендіру үшін осы қалып жеткілікті, басқалай болғанда ішек жолдарының құртылуына әкеліп соғуы әбден мүмкін.
100 гр құлпынайдың құрамында: 87 гр су, 7,5 көміртегі, 0,9 ақуыз, 0,3 май, 1,3 органикалық қышқылдар, 2,2 жасұнық болады. Құлпынай кальцийге, темірге, түрлі қышқылдарға, фосфорға, мырышқа, йодқа, В1; В2; В6; РР; А; Е; С дәрумендеріне бай келеді.
Жидек имунитетті нығайтып, адамды авитаминоздан құтқарады, жүрек қан-тамырлар жүйесін қорғайды. Маусымында жеткілікті түрде жеп үлгеріп қалсаңыз, қыста тұмаудан құтыласыз. Құрамындағы көміртектер қан құрамындағы қантты көтермейтіндіктен, сахар диабетіне шалдыққан адамдарға жеуге рұқсат берілген. Жуырда құлпынайдың рак клеткаларының өсуін баяулататындығы анықталды.
Ал егер тістеріңіздің аппақ болғанын қаласаңыз. Дәрігердің есігін қақпас бұрын, құлпынайдың көмегіне жүгініп көріңіз.
Әдемі күлкі - кез келген қыз баласының арманы десе де болады. Өйткені, аппақ қардай күлкі айналаңыздағыларды сүйсіндіріп, ерекше көңіл-күй сыйлайды. Осылайша сіз бір оқпен екі қоянды атып аласыз. Құлпынайдың дәмінен ләззат алып, әдемі күлкінің қожайыны атанасыз.
Сонымен, бізге не керек? Қолыңызға бірнеше піскен құлпынай мен жарты шай қасық ас содасын алыңыз. Құлпынайды шұғыл ыдысқа езіп,ас содасымен араластырыңыз. Содан кейін тіс щеткасын алып (жұмсақ қылшықты болғаны дұрыс), тіс пастасы іспетті езбені жағыңыз да, тісіңізді айналдыра ысқылаңыз. Немесе піскен құлпынайды ештеңемен қоспай-ақ, шырыны шыққанша тісті сипалап өтіңіз.
Құлпынайға эмальға әсер ету үшін бес минут уақыт беріңіз. Межелі уақыт өтісімен, тісті құрамында фтор бар тіс пастасымен жақсылап жуыңыз да, жылы сумен шайып тастаңыз.
Бұл "тәтті рәсімнің" бар құпиясы - жидектің құрамында тіс эмалінің беткі қабатын еріте алатын қышқылдың көп болуынан деп біліңіз.
Сонымен қатар, құлпынаймен кофе, шарап, шоколад қалдықтарын да тазартуға болады.
Ескерту! Бұл әдісті жиі қолдана беруге болмайды. Жоғарыда айтылған қышқыл және ас содасы тісіңізге зиянын тигізуі мүмкін. Бұл деген күлкімен қоштасу деген сөз.
Бәрінің де өз мөлшерімен болғаны дұрыс. Сонда ғана аппақ қардай күлкімен жақындарыңызды баурап, қуаныш сыйлап жүре аласыз!