Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қоғамдастық жиыны өтті

Қоғамдастық жиыны өтті

Қосүйеңкі ауылдық округі жергілікті қоғамдастығы мүшелерінің жиналысының күн тәртібінде Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері Рәш Мырзахметовке атауы жоқ көшені беру жайы қаралды. Оған ауыл әкімі аппараты, мектеп директорлары, ақсақалдар кеңесінің төрағасы, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Сөз бастаған Қалмұрат Мұсабеков соғыс және еңбек ардагері Рәш Мырзахметовтың Қазақстанға сіңірген еңбегіне «Мал шебері» атағы беріліп, 3-ші дәрежелі Данқ орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын жеткізді. Аудандық кеңестің бірнеше рет депутаты болып, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғады
Ауыл ақсақалдары Тоқтас Рүстемов, Амантай Балғабаев, Нүрдин Елшіманов естеліктерімен бөлісіп, Рәш Мырзахметовке көше атауын беру орынды екенін айтты.
Қоғамдастық жиынның қорытындысы бойынша қатысушылар бірауыздан қолдап, аудандық ономастика комиссиясына жолдауды ұсынды.
Перизат Алжанова
19 қаңтар 2020 ж. 811 0