№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Министр зейнетақы жинағындағы ақша қандай сомадан бастап берілетінін айтты

Министр зейнетақы жинағындағы ақша қандай сомадан бастап берілетінін айтты


Арнайы жұмыс тобы зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша президент әкімшілігіне екі ұсыныс жасады. Бірінші ұсыныс - зейнетақы жинағын баспана алу үшін пайдалануға арналса, екіншісі – салымның белгілі бір бөлігін ем-домға жұмсау
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тапсырманы былай қойғанда Қазақстанда "зейнетақы аннуитеті" деген бар. Оған сәйкес, ер адам 55 жасқа, ал әйел 51 жасқа жеткенде өз жинақтарын "зейнетақы аннуитеті" ретінде рәсімдеп, ақшаны ала алады. Бірақ ер адамдар - 10 миллион, ал әйелдер 12 миллион теңге жинауы шарт", - деді Нұрымбетов журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, зейнетақы жинақтарын алу үшін осы "зейнетақы аннуитеті" болуы қажет. Сонда ол ақша адамды зейнетақымен қамтамасыз етуге жетеді. Мұның бәрі есеп-қисаптың негізінде жасалды.
"Бұл дегеніміз, адам өзін-өзі зейнетақымен қамтамасыз ету шегіне жетуі керек деген сөз. Ал одан артылған ақшаны басқа мақсаттарда жұмсауға болады деп ойлаймыз. Қазіргі ұсыныстар бойынша солай. Зейнетақымен қамтамасыз ету шегі бар. Одан артылғанды пайдалануға болады", - деді Нұрымбетов.
Осы орайда тілшілер нақты мысал келтіріп, сұрақ қойды. "Сонда әйел адамның есепшотында 12 миллион 100 мың теңге болса, тек 100 мың теңгені ғана алуға бола ма?", - деп сұрады журналистер.
"Иә, солай. Өйткені 12 миллион – бұл сізді өмірдің соңына дейін зейнетақымен қамтамасыз етуге қажетті жинақ. Олай болмаса, ақша зейнет жасқа жетпеуі мүмкін", - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, арнайы жұмыс тобы зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша президент әкімшілігіне екі ұсыныс жасады. Бірінші ұсыныс - зейнетақы жинағын баспана алу үшін пайдалануға арналса, екіншісі – салымның белгілі бір бөлігін ем-домға жұмсау. Оған тегін медициналық қызмет пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға кірмейтін емдеу шаралары жатады.

Вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бүгінде қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жас. Осыған байланысты зейнетақы ақшасы нақты қанша жылға қажет болатынына да зерттеу жүргізілген.
"Біз тиісті есеп-қисап жасап шықтық. Қазақстандықтар зейнетке шыққаннан кейін шамамен 19-25 жыл өмір сүреді. Сондықтан біз әрбір адамның есепшотындағы қаржы зейнет жасына жете ме, жоқ па, осыны ескеруіміз керек. Өкінішке қарай, қазіргі кезде салымшылардың жартысының жинақ сомасы 1 миллион теңгеге жетпейді. Ал қажетті сома, шамамен, 10-12 миллион теңге болуы тиіс. Ондай азаматтардың саны – 102 мың адам", - деді Сапарбаев.



08 қаңтар 2020 ж. 725 0