» » Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпания анықталды

Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпания анықталды

2019 жылы күллі әлем жұртшылығын дүрсілкіндірген әуе апаттарынан кейін арнайы рейтинг құрылып, дүниежүзі бойынша ең қауіпсіз әуекомпания анықталды.

Бұл саладағы зерттеу жұмыстары ұшу қауіпсіздігі мен әуекомпаниялар рейтингісін құрумен айналысатын AirlineRatings порталының мамандарына жүктелді.
Өткен жылдың нәтижелеріне сәйкес, аталмыш тізімде Аустралиядағы Qantas компаниясы көш бастады.
Одан бөлек, ең қауіпсіз әуекомпаниялар қатарына тағы да бес тасымалдағыш ұйым кірді: Жаңа Зеландиядан Air New Zealand, тайвандық EVA Air және Etihad пен Qatar Airways.
Айта кету керек, рейтингке қауіпсіздігі үлгі тұтарлықтай болып табылатын 20 компания іріктелініп алынды. Алайда, өкінішке орай, олардың қатарында қазақстандық бірде-бір әуекомпания жоқ.
Аталмыш рейтингті құру барысында мамандар апатты жағдайлардың статистикалық мәліметтеріне, құзырлы органдар тарапынан болатын тексеріске, табыс көрсеткіштеріне және ұшақтарды қолдану мерзіміне жіті назар аударды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматыда аса қайғылы жағдай орын алды. Қала маңында жолаушылар ұшағы құлап, он екі адамның өмірін қыршынынан қиды. Әуе апатында зардап шеккендердің көпшілігі әлі де ауруханада ем алып жатыр.
04 қаңтар 2020 ж. 618 0